BIOLOGICAL DIVERSITY OF WETLAND PLANTS OF THE SYRDARYA RIVER
Қызылорда облысының табиғи байлықтарының бір қайнар көзі-өсімдіктер әлемін жете зерттеп, алуантүрлі табиғи қорларын тиімді пайдаланып, оларды әрі қарай сақтап, көбейтіп, сирек кездесетін, жойылуға таянған түрлері мен бірлестіктерін қорғау үшін өсімдіктерді танып білудің орны ерекше. Кейiнгi жылдары айтылып жүргенғылыми әдебиеттердегi есептер бойынша Қызылорда облысы көлемiнде 756-819 аралығында мәдени және жабайы өсiмдiк түрлерi бар.Қазақстан Республикасының өсiмдiк түрлерiн 6000-дайдеп есептегенде облыстың өсiмдiк түрлерi оның 15-16құрайды. Қызылорда облысының негізгі су артериясы облыс бойынша 1280 км созылып жатқан Сырдария өзені болып табылады. Ертеректе Сырдария тасығанда аталмыш арналардың аралығындағы ой-шұңқырлар түгелдей сумен толып, қазіргі Жаңақорған ауданы мен Арал теңізінің аралығында жатқан атыраулық жазықта жүздеген көлдер пайда болған, қазіргі Жаңақорған ауданы мен Арал теңізінің аралығында жатқан атыраулық жазықта жүздеген көлдер пайда болған. Олардың ең ірілері: Қалыңтерек, Домалақкөл, Жақсы-Қылыш, Арал сульфат, Қамыстыбас, Тұщыбас, Лайкөл, Жалаңашкөл, Ақшатау, Бекбаулы, Төбес, Қапшықкөл, Әлімкөл-Теріскен, Бірқазан, Кілем жайған, Талдыкөл, Ащыкөл т.б. Өңірдің жер бетіндегі тұщы су қоры өте аз, тек Қаратаудың етегіндегі өзендердің үлкені Бесарық. Су-өсімдіктердің тіршілік ортасы. Ондағы өсімдіктер су жағалауларында, су ортасында, су түбінде, су бетін толық басып өседі. Аймақтың аталмыш су көздерінде кездесетін өсімдік түрлерін атап өтетін болсақ: батпақ қаулен, егістік қаулен, Қазақстандық қамыс, қалқанжапырақты батпақгүл, саусақсала қарашағыр, кәдімгі қамыс, бұйра шылаң, ұзын сәлемшөп және т.б. Зерттеу жұмысы 2021 жылы Кіші және Үлкен Аралға экспедиция барысында Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы сулы-батпақты жерлердегі өсімдіктердің таксономиясына жүргізілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 63, С. 45-51
- Язык
- Английский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University