Central AsianResearch Index

SAFE TECHNOLOGY FOR USING SALINE SOILS

ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАУІПСІЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бұл мақалада әр түрлі дәрежеде тұзданған топырақтардағы танапта зерттеу жұмыстары жүргізілді.Мұндағы топырақтың сулы-физикалық және химиялық қасиеттерін жүйелі талдау негізінде, олардың бастапқы тұздануы, минералдылығы , жер асты ыза суларының орналасу деңгейлері анықталды. Сондықтан ауыл шаруашылығы алқаптары жүйесінде экологиялық қауіпсіздіктің орнықтылығын қалыптастыру мақсатында суару жүйесінің барлық сатыларында технологиялық үрдістерді бағалау тәсілдерін әзірлеу қажет болды.Бұл мақалада әр түрлі суару технологиялары бойынша зерттеу алқаптарындағы топырақтың тұздылығының әр түрлі дәрежесін экологиялық бағалау материалдары қарастырылған. Топырақтың тұздануын азайту үшін тұзды топырақты тиімді шаю, тегістеу, қопсыту және басқа да агротехникалық шараларды қамтитын кешенді агротехникалық және гидротехникалық шараларды қолдану қажет екендігі белгілі болды. Су жинау алқаптарының экологиялық жай-күйін бағалау Жамбыл облысының тау етегіндегі аймағында жер асты ыза суларының әр түрлі тереңдікте орналасуы кезінде суару мөлшерлерінің экологиялық жағдай үшін қолайлы сипатына негізделген ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің тұжырымдамалық моделін ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ,тұзданған жерлердегі әр түрлі тұзданудың дәрежесіне байланысты қаншалықты экологиялық қауіптілік тудыратынын экологиялық кәуіплік коэффициент арқылы анықталады.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 63, С. 234-242
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University