IDENTIFICATION AND STUDY OF THE FACULTATIVE BREAD WHEAT GENE POOL OF INTERNATIONAL BREEDING ON ECONOMIC AND VALUABLE TRAITS IN THE CONDITIONS OF THE SOUTHEAST OF KAZAKHSTAN
Мақала Қазақстанның оңтүстік-шығысында табиғи-климаты қыста ұзақ уақыт жылы болып терең тыныштық күйіне түспейтін күздік бидай сорттары төмен оң температурада өсіп, биомасса жинақтауға мүмкіндік беретін жағдайда шарашылыққа құнды белгілері бойынша факультативті бидайдың халықаралық селекциядағы гендік қорын анықтауға және зерттеуге арналған. 6-14 FAWWON (CIMMYT/TURKEY, 2005-2015) факультативтік және күздік бидайдың халықаралық питомнигінде әлемнің 33-тен астам елінен 1019 үлгі зерттелді. Төмен температураның яровизация әсерін барынша азайтатын көктемгі кеш себіс жағдайында талданған коллекцияның даму түрлері анықталды. 223 үлгі масақтануға дейінгі 56-66 күн кезеңімен әлсіз/орташа фотосезімталдық (Казахстанская 10 жергілікті сорты деңгейінде) санатына жатқызылды және 33 генотип күшті фотопериодтық реакциясы бар факультативті болып анықталды (МДҚ 67-77 ≥ күн). Масақтануға дейінгі даму қарқыны (МДҚ) негізінде белгілер топтамасын құру шеңберінде жүргізілген зерттеулер факультативтік даму түріндегі бидайдың аталған кезеңінің аутқу қатарын белгілеуге және Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында, олардың пайда болу жиілігі мен генотипін анықтауға ықпал етті. Масақтағы дәннің көп болуына байланысты ондағы анықталған жоғарғы дән салмағын сақтау қабілеті факультативті формалардың бейімделгіштігін және сайып келгенде өнімділігін анықтайтын маңызды фактор болып табылады. FAWWON питомниктерінен болашақты екі жақты сорт үлгілері анықталды, олар осындай даму типті бидай өсіруде құнды бастапқы материал ретінде пайдаланылуы мүмкін
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 63, С. 24-33
- Язык
- Английский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University