Central AsianResearch Index

KYZYLORDA PERIOD OF SOCIO-POLITICAL AND SCIENTIFIC ACTIVITY OF AKHMET BAITURSYNULY

АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА КЕЗЕҢІ

Мақалада ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелуіне талдау жасай келе, оның Қызылорда қаласында (1925-1928 жж.) болған кезеңінің әлі де нақтылы қарастырылмағаны айтылады. Ақыметтану жұмысы оның замандастарынан басталатынын айта отырып, олардың сол уақыттарда А.Байтұрсынұлына берген бағаларына, пікірлеріне шолу жасалады. Ақыметтанудың бүгінгі зерттеулуін талдайды. Оның өмір жолы туралы түрлі анықтамалықтар мен энциклопедиялардан бастап, көлемді зерттеулерде беріліп жүрген хронологиялық мәліметтерді жинақтай, саралай келе, авторлар А.Байтұрсынұлының қоғамдықсаяси және ғылыми қызметінің негізгі кезеңдерін үшке бөліп көрсетеді. Соның ішінде қазақ қоғамы мен ғылымына еңбек етіп, тер төккен уақыты бірінші және екінші кезеңде болса, оның ішінде 1925- 1928 жылдары Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында тұрып, ұлт жұмысының көшбасында болған уақыты екенін көруге болады. Сондықтан оны болашақта арнайы тереңдете зерттеудің маңызы зор екенін айтады. Осы орайда А.Байтұрсынұлының Қызылордада тұрған үйі, мінген көлігі, жұмыс істеген жері, ғылыми шығармашылық жұмыстары бойынша осында жарық көрген еңбектері талданады. Қорытындысында бұл кезеңді жүйелі түрде зерттеп білу Ақыметтануға қосылатын мол үлес болады деген тұжырым жасайды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 62-2, С. 121-130
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University