ANALYSIS OF THE INCIDENCE OF EYE DEMODICOSIS IN THE POPULATION OF PAVLODAR REGION
Мақалада офтальмологияда көз демодекозының кең таралуына байланысты Павлодар қаласы мен облыс тұрғындары арасында ауруға шалдыққандар бойынша салыстырмалы талдау нәтижелері берілген. 2019 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындар арасында көз демодекозымен ауыру бойынша салыстырмалы талдау келесі факторларға байланысты жүргізілді: жасы, жынысы және маусым айлары. Зерттеу үшін 169 адам таңдалды. Маусымдық ерекшелік факторы бойынша аурудың науқастар арасында жоғары көрсеткіші көктем айларында, ал төменгі көрсеткіштері күз айларында анықталған. Жас ерекшелігіне байланысты 6 жас аралық тобы алынып, көз демодекозына шалдығудың кіші мәні 20–29 жас аралығындағы, 20 %-ын 50–59 жас аралығындағы, 26 %-ын 70–79 жас аралығындағы науқастар үлесіне тән екені анықталған. Жынысына байланысты көз демодекозына әдеби көздер бойынша ер адамдарға қарағанда әйел адамдар жиі шалдығатыны көрсетілген. Осы тұжырымдаманы анықтау үшін зерттеуге кірпіктер 68 студенттен алынып зерттелген, 1–3 кенелер табылған 11 адамның ішінде 9 қыз бен 2 ұлдан табылған. Ал зерттеуге алынған 169 науқастың ішінде 75 ер мен 94 әйел болды. Қала мен ауыл тұрғындары үшін де бұл пропорцияда әйелдер 55 % үлесінде екені анықталды. Сонымен қатар, қалада әйелдер мен ерлердің саны ауылға қарағанда көп және жалпы санының 65 %-ын құрады, яғни талдау нәтижесінде Павлодар облысы бойынша ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарының сырқаттанушылық үлесі екі есе жоғары екені анықталған
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 62, С. 60-67
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University