Central AsianResearch Index

OBTAINING BIOCHAR FROM RICE HUSK AND STRAW

КҮРІШ ҚАУЫЗЫ МЕН САБАНЫНАН БИОЧАР АЛУ

Мақалада күріш қауызы мен сабаны тәрізді ауылшаруашылық өсімдік қалдықтарынан биочар алу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Процесс ұзақтығы және температура тәрізді термолиздің оңтайлы жағдайлары таңдалды. Күріш қауызы және сабанының термолизі түтікті пеште 300-500ºС температурада азот атмосферасында іске асырылды. Термолиз өнімдері йод бойынша адсорбциялық белсенділік, су бойынша жалпы кеуектердің көлемі, үйінділік тығыздығы бойынша сипатталды. Алынған өнімдердің кеуекті құрылымы растрлы электронды микроскопия арқылы зерттелді. Алынған биочарлардың микрофотографиясы JSM-6510LV растрлы электронды микроскопында түсірілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша қауыз бен сабаннан 30 мин термолиз ұзақтығында алынған биочарлардың йод бойынша төмен сорбциялық қасиеттерге ие және су бойынша жалпы кеуектер көлемі төмен екендігі анықталды. Термолиз ұзақтығын арттырғанда сорбциялық сипаттамалар жақсарады, күріш сабанын 60 мин ұзақтықта және 300°С температурада термолиздегенде алынған биочардың оңтайлы жағдайы болып табылады, бұл жағдайда биочардың йод бойынша адсорбциялық белсенділігі 54,61%, су бойынша жалпы кеуек көлемі 0,941 см3 /г және үйінділік тығыздығы 169,29 г/дм3 құрайды. Күріш қауызы мен сабанынан алынған биочарлар растрлы электронды микроскопия әдісімен 4300 және 5000 есе ұлғайтылып зерттелді, олардың жоғары кеуекті құрылымға ие екендігі анықталды. Әдеби мәліметтерде биочарды жаңартылатын энергия көзі ретінде қолдануға болатындығы жөнінде ақпарат бар. Алынған биочарлардың жылу бөлу мүмкіндіктерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Күріш қауызы, сабаны және алынған биочарлардың жылу бөлу мүмкіндіктерін салыстыру үшін олардың жану жылуы С 2000 калориметрінде анықталды. 60 мин ұзақтықта және 400°С температурада күріш қауызын термолиздеу арқылы алынған биочар жану жылуының ең жоғары энергиясына ие, жану жылуы – 17,520 кДж/г тең, күріш сабаны үшін жоғарғы көрсеткіште аталған ұзақтық пен температура болып табылады, жану жылуы – 16,451 кДж/г тең

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 62-2, С. 49-59
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University