Central AsianResearch Index

COMPREHENSIVE ASSESSMENT OF SAMPLES OF THE COLLECTION OF ALFALFA SOWN (M. SATIVA L.) AND CHANGING (M. VARIA MART.) FOR THEIR USE IN BREEDING

СЕЛЕКЦИЯ ҮШІН БАСТАПҚЫ МАТЕРИАЛ РЕТІНДЕ ЕГІСТІК (M. SATIVA L.) ЖӘНЕ ӨЗГЕРМЕЛІ (М. VARIA MART.) ЖОҢЫШҚА ТҮРЛЕРІНІҢ ҮЛГІЛЕР ТОПТАМАСЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

Мақалада жоңышқаның үлгілер топтамасының негізгі селекциялық құнды белгілері: жапырақтылық, ауруларға төзімділігі, көкбалауса массасы мен тұқымның өнімділігі бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстарына әлемнің 18 елінен жоңышқаның егістік (M. sativa L.) және өзгермелі (M. varia Mart) түрлерінен 134 үлгі қолданылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің биіктігі бойынша егістік жоңышқаның (M. sativa L.) үлгілерінен: (к-5677) Италия, (к-41985) Пәкістан, (к-27065) Италия, (к-6021) Қазақстан, (к-1721) Украина, (к-11417) Ресей үлгілері, өзгермелі жоңышқа (М. varia Mart.) үлгілерінің ішінен: (к-20002) Украина, (к-31885) Ресей, (к-21787) Украина, (к-38914) Эстония үлгілері ерекшеленді. Олардың үш жылдық орташа бойының биіктігі 77,9 – 81,5 см. Жапырақтылығы бойынша егістік жоңышқадан (M. sativa L.) көрсеткіші жоғарғы (к-45479) Ресей және (к-5677) Италия үлгілері, өзгермелі жоңышқа (М. varia Mart.) үлгілерінен (к-31885) Ресей, (к-33299) Канада, (к-39932) Канада, (к-61324) Қазақстан үлгілері ерекшеленді. Жапырақтылығы 51,0 – 52,3 % аралығында өзгерді. Саңырауқұлақ ауруларына кешенді төзімділікті (сары жапырақ дақтары, қоңыр жапырақ дақтары және тат) (к-6238) Қырғызстан, (к-21634) Өзбекстан, (к-5975) Италия үлгілері көрсетті. Ауруға төзімділік деңгейі 0 - 2 баллмен бағаланды. 3 жыл ішінде егістік жоңышқаның ішінен (M. sativa L.) көкбалауса өнімділігі бойынша бақылау сортынан бірнеше үлгілер айтарлықтай артықшылыққа ие болды: (к-267) Өзбекстан, (к315) Франция, (к-9) Ресей, (к-11) Қытай, к- 5677 Италия, (к-191) Қазақстан - бақылаудан 32,5 - 51,1 %. Ал өзгермелі жоңышқа (М. varia Mart.) үлгілерінің ішінен (к-446) Украина, (к-538) Ресей, (к406) Ресей, (к-454) Украина үлгілері, бақылаудан 23,2 – 36,5 % жоғары болды. Тұқым өнімділігі бойынша егістік жоңышқаның (M. sativa L) үлгілерінен: (к-315) Франция үлгісінде ең жоғары көрсеткіш - 47,3 г/м2 , ол стандарттан 36,3 % - ға асып түсті. Ал өзгермелі жоңышқа (М. varia Mart.) үлгілерінде (к-34627) Қазақстан, (к-21826) Украина, (к-404) Эстония, (к-450) Украина үлгілері, олар бақылаудан сәйкесінше 12,9 - 18,7 % аралығында асып түсті.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 62, № 3, С. 261-273
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University