Central AsianResearch Index

SEASONAL DYNAMICS OF SOIL SALINIZATION IN IRRIGATED FIELDS (USING THE EXAMPLE OF IRRIGATED SHAULDER MASSIFS)

СУАРМАЛЫ ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТҰЗДАНУЫНЫҢ МЕЗГІЛДІК ДИНАМИКАСЫ (ШӘУІЛДІР СУАРМАЛЫ АЛҚАБЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

Топырақ құнарлылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатын топырақтың электр өткізгіштігі (ЭӨ) кеңістікте және уақытта өте құбылмалы, әсіресе суармалы алқаптар топырағында. Бұл жұмыстың мақсаты Сырдария өзенінің бассейнінде топырақтың ЭӨ-н қолдана отырып, тұзданудың мезгілдік динамикасын зерттеу болды. Нәтижесінде ЭӨ-тің кеңістіктегі өзгергіштігі жоғары болғаны анықталды. Мәселені зерттеу үшін тәжірибе учаскелеріндегі топырақтардың тұздануына жылдың 3 мезгілінде бақылау жүргізіп, оның мезгілдік динамикасын анықтадық. Тұзданудың мезгілдік динамикасын бақылау барысында осы кеңістіктік таралған тұздардың жазғы сурару жұмыстарының әсерінен топырақтың 0-20 см және 20-50 см қабатындағы тұздар күзге қарай 50-100 см қабатына миграцияланатыны анықталды. Сондай-ақ, жалпы алғанда көктем мезгілінде тұздану қарқыны барлық қабаттарда басқа мезгілдермен салыстырғанда төмен болатыны анықталды. Далалық зерттеу жұмыстары кезінде алынған топырақтардың ЭӨ-гі туралы мәліметтер және топырақ үлгілерін химиялық талдау нәтижелері зерттеу нысанында тұзданудың барлық категориялары кездесетінін көрсетті. Жалпы алғанда, Отырар ауданындағы тұздану үрдісінің қарқындылығы – әртүрлі агроландшафттық бірліктерде бірдей дәрежеде жүрмейді және олар геоморфологиялық, гидрогеологиялық және географиялық орналасуына табиғи және антропогендік жағдайларға байланысты жүзеге асатыны анықталған.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 62, № 3, С. 251-260
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University