Central AsianResearch Index

IMPACT OF SUBJECTIVE ECONOMIC WELL-BEING ON ECONOMIC BEHAVIOR: FORMULATION OF THE PROBLEM

СУБЪЕКТИВТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ФЕНОМЕНІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА ӘСЕРІ: МӘСЕЛЕНІ БЕЛГІЛЕУ

Мақалада қазіргі экономика мен психология саласында толық зерттеліп болмаған субъективті экономикалық әл-ауқат мәселесі (СЭӘ) жан-жақты қарастырылған. Қазіргі адамзаттың менталитетінде бұл мәселе әлі де болса шешімітабылмаған және де осы сала мамандары үшін күрделі зерттеутақырыбы болып есептеледі. Автор аталмыш мәселені қарастырған дүние жүзі ғалымдарының еңбегіне сипаттама бере отырып, субъективті экономикалық әл-ауқат жағдайының заманауи сипатын айқындаған және осы сипатын нақтылауға қажетті іс-шараларда пайда болатын қарама-қайшылықтарды анықтаған. Зерттеу жұмысы әлі де болса алғашқы кезеңде тұр және осы тұрғыдағы зерттеу тақырыптары бойынша теориялық негіздемені жасауға бастапқы алғышарт болуы әбден мүмкін. Қазіргі адамзат үшін техника мен технологияның қарыштап дамыған заманында болашақ ұрпақтың сауатты, жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына оның тек қана терең білім алуы ғана емес, экономикалық әл-ауқат тұрғысынан ешкімге тәуелсіз болуы өте қажет. Адам өзінің ғылыми әлеуетін көтеру үшін және өзгермелі нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін психологиялық тұрғыда әл-ауқаты толыққанды жетілген адам болуы тиіс. Ол үшін адам мен қоғамның дамуы қатар жүруі қажет. Жалпылама айтқанда, субъективті экономикалық әл-ауқат қазіргі біздің қоғамдағы халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары үшін психологиялық түрғыда жан-жақты қарастырылып, зерттелуі тиіс. Орындалған ғылыми мақала осы мәселені зерттеуге арналған ғылыми жұмыстар үшін қажет материал болып есептеледі.

Сведения

Опубликовано
2022 · С. 171-176
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University