Central AsianResearch Index

MODEL OF INDIVIDUAL-ORIENTED TEACHING OF ORGANIC CHEMISTRY IN THE TRAINING OF CHEMISTRY TEACHERS

ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДАҒЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУДЫҢ МОДЕЛІ

Мақалада химия пәні мұғалімдерін даярлаудағы органикалық химия пәнін жеке тұлғаға бағдарлап оқытудың моделі жасалған. Қазіргі заманғы жоғары білім жас адамды іргелі білімге тартуға, болашақ кәсіби қызметінде практикалық дағдыларды дамытуға және оны өмір бойы оқуға дайындауға бағытталған. Алайда, қазіргі білім студенттің өмірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталмаған. Білім беру процесінде тұлғаға бағытталған технологияларды кешенді пайдалану тұлғалық әлеуетті, ақыл-ой белсенділігін дамытуды ынталандыруға ықпал етеді, когнитивті процестерді «іске қосады», болашақ маманға қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Университетте жеке тұлғаға бағытталған оқыту жас маманның кәсіби қызметке және кәсіби қоғамдастыққа ауыртпалықсыз енуіне көмектеседі. Ең алдымен, қазіргі жағдайда жоғары білім жас студентті іргелі біліммен таныстыруға бағытталған (соңғы жылдары бұл аудиториялық жұмысқа кететін сағат санының азаюына байланысты сирек кездеседі), болашақ кәсіби қызметте практикалық дағдыларды дамытуға және оларды өмір бойы оқуға дайындауға бағытталған. Алайда, қазіргі білім беру студенттің өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталмағанын атап өткен жөн, сонымен қатар біз оның білімді өз бетінше игеруге әлі дайын емес екенін айтуға мәжбүрміз. Осы тұрғыда біз әр студенттің білім деңгейіне, оның қызығушылығын артыруға сәйкес келуі мүмкін бірнеше жеке тұлғаға бағытталған білім беру әдістерін қарастырып, арнайы моделі құрастырдық.

Сведения

Опубликовано
2022 · С. 138-146
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University