PSYCHOLOGISM IN NURPEISOV'S TRILOGY "BLOOD AND SWEAT"
Мақалада заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісовтің әлемге әйгілі «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкердің ішкі әлемі, психологизм мәселесі қарастырылған. «Қан мен тердегі» тағдырлар толқынынан аумалы-төкпелі кездегі тарих, экология, психологизм мәселелелерін көтергені сөз болады. Қазақ әдебиеттану ғылымында ұлт әдебиетінің биік шыңы болып саналатын бұл шығарма туралы зерттеулер баршылық. Мақала авторлары жазушының кейіпкер бейнесін ашуда қолданған шеберлігін саралап, дәйектеме келтіреді. Кейіпкердің көңіл-күйіндегі күйініш пен сүйініш, жан азабы, сергелдеңі, күйреуі сияқты құбылыстарын жазушының ішкі монолог арқылы берудегі шеберлігі айқындалады. Кейіпкерлердің ішкі әлеміндегі тартысты нақты мысалдармен айтып өтеді. Кейіпкерлердің ішкі әлеміндегі құбылыстары туралы ғылыми тұрғыдан баға берген ғалымдар пікірлерін салыстыра отырып, өзіндік тың тұжырым жасалған. Қазақ ғылымында жасалған фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, авторлар өз көзқарастарын бүгінгі заман тұрғысынан жаңаша айтып өтеді. Трилогиядағы жазушының ұлттық болмыс пен бітім, ұлттық сезімді жоғары қоюы туралы жалпы түсінік беріп, қазақ әдебиеттану ғылымында теориялық негізде зерттеп, жазушының шеберлігін тағы бір қырынан ашу көзделген. Авторлар кейіпкер психологиясын ашу арқылы жазушы оқиғаны әлеуметтік жағдаятқа тірейтінін деректермен дәлелдеген.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 84-90
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University