INTENSIVE METHODS OF CULTIVATION OF GRAY SOIL
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз және тиімсіз пайдаланумен байланысты мәселелер бар. Біздің атқарылған ғылыми зерттеулеріміз, негізінен, екінші сортаңдануға ұшыраған сұр топырақты жағдайында, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға және суармалы суды барынша тиімді пайдалану мақсатында, отандық жаңа Мақтаарал-4017 мақта сортының агротехнологиясын дайындап, өнімділікті арттыру. Біздің атқарылған ғылыми-зерттеу іс-шаралары бойынша, отандық мақтаның Мақтаарал-4017 сорттық агротехнологиясы, Түркістан облысындағы мақтамен айналысатын шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдарың өндірісіне ендіру үшін бағытталған. Топырақтың құнарлылығы төмен және су тапшылығы жағдайындағы, топырақтың сортаңдануының алдын алу, сондай-ақ топырақ құнарлылығы мен мақта өнімділігін арттыру жолдарының бірі - кешенді агромелиоративтік шараларды қолдана отырып, мақта өсірудің осы қарқынды сорттық агротехнологиясы, Түркістан облысындағы суармалы жерлердің өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Агромелиоративті іс-шаралар, яғни топырақ қабатындағы қатты қабатты бұзу және топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсарту мақсатында, топырақты өңдеудің тиімді шарасы - топырақты 50-55 см-ге терең қопсыту шарасы мен үйлесімді топырақты лазерлік тегістеу технологиясы, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру бойынша ғылыми-зерттеулер тиімділіктері бойынша нәтижелері баяндалған. Бұл өз кезегінде, мақта дақылы тамырының терең бойлауына, топырақтың су өткізгіштігінің артуына және зиянды тұздардан қарқынды шайылуына және суды үнемдеу мен жерді ұтымды пайдалану негізінде қарқындылық танытады. Зерттеу жұмыстары, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (BR10764908, (BR107650017) аясында тәжірибелік жұмыстары жүргізілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 140-147
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University