Central AsianResearch Index

METHODS OF ZONING THE TERRITORIES OF THE REGION FOR LAND MANAGEMENT

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ҮШІН ӨҢІР АУМАҚТАРЫН АУДАНДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Мақала жер ресурстарын басқару үшін өңір аумақтарына аудандастыруды жүргізу әдістерін талдау сұрақтарына арналады. Тақырып бойынша әдебиет көздерін сараптай отырып тікелей аудандастыру әдістеріне көңіл бөлу қажеттігі туралы қорытынды жасалды. Мақаланың мақсаты өңірдің табиғи және жер ресурстарын стратегиялық басқару үрдісін ақпараттық қамтамасыз ету үшін жерлерді аудандастырудың түрлі әдістеріне зерттеу жүргізу болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін өңірдегі аудандастыруды жүргізуге мүмкіндік беретін тиімділік көрсеткіштері бойынша мәліметтер, әдістер сарапталды, жер ресурстарын басқару үшін кластерлі аудандастыру жұмыстары орындалды. Аудандастыру жұмыстары Атырау облысының аумағы негізінде жасалынды. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша аудандастыруды жүргізудің әр түрлі әдістерінің 80% бір-біріне ұқсас нәтиже берді, бірақ қарастырылған үш әдістің айырмашылықтары оларды қолдану ұсынысына, аудандастырудың мақсатына қарай ерекшеленеді. Қарастырылған әдістердің ішінен жер ресурстарын басқаруға бірдей әсер ететін кешендік көрсеткіштерді қолданатын модельдеуді мақсатты түрдегі әдіс ретінде алуға болады. Кешенді аудандастыру әдісін жер ресурстарын басқару жүйесіне әсер ететін факторлар маңыздылығы артқан жағдайда, айырмашылығы едәуір алшақтағанда қолдануға болады. Экономикалық тиімділік критерилері бойынша аудандастыру әдісі жер ресурстарын басқаруға әсер ететін ең басты бір ғана критерий көрсеткіші бойынша орындалады.

Сведения

Опубликовано
2022 · С. 131-139
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University