AMOUNT OF HEAVY METALS IN SOIL AND PLANTS SYSTEM (Around the city of Aktobe)
Тамаша табиғи климаттық жағдай мен бай менерал шикізат қоры Ақтөбе өндіргіш күштерінің дамуының негізі болады. Өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытуда жіберілген қателіктер, өндірістегі технологияның төмен деңгейі табиғи қорларды тиімсіз пайдалануға және қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқты. Өңірдегі өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өсімдіктер, жануарлар және адам өмірі негізінен, топыраққа байланысты екені сөзсіз. Топырақты ластайтын негізгі антропогендік факторларға «Ақтөбе хром қосындылар» зауытының, Ақтөбе жылу энергия орталығының, «Ақтөбе ферроқорытпа» зауытының қалдық сақтау орындары жатады. Ғылыми әдебиетке шолу жасау барысында Ақтөбе топырағына аталған өндіріс ошақтары тигізген әсерінің экологиялық сипаттамасы жүйелі түрде бұрын соңды зерттелмегені анықталды.Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен. Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Мақалада Ақтөбе қаласының топырақтарында ауыр металдардың жинақталуы және ауыз-суы жөніндегі үш жылдық зерттеулердің нәтижелері келтірілген және олардың топырақ кескінінде жинақталу заңдылығы анықталған.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 51-60
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University