RECLAMATION AND ECOLOGICAL JUSTIFICATION OF WATER-SALT VARIABILITY OF HYDROMORPHIC SOILS
Зерттеудің негізгі мақсаты Жамбыл облысының суару жүйелеріндегі тұзды топырақтардың су-тұз құбылымын мелиоративті-экологиялық негіздеу болып табылады. Жұмыста тұзды топырақтардың су-тұз құбылымын мелиоративті-экологиялық негіздеуге баса назар аударылады, олардың құнарлығын қалпына келтіру және экологиялық-мелиоративті жағдайды жақсарту үшін кешенді мелиорацияны қолданудың қажеттілігідәлелденеді. Тұзданудың жоғары деңгейімен және ылғалмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сұр-шалғынды топырақтарды жан-жақты зерттеулердің негізінде, топырақ түзілу үдерістерін жақсарту үшін суару және керіздік сулардың берілуін ескеріп, өсімдік тамырлары орналасқан топырақ қабатының су және тұз құбылымын реттеудің негіздемесі орындалды. Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыру үшін суармалы жерлердің мелиоративті-экологиялық жай-күйін қалпына келтірудің қажеттілігін айқындап берді. технологияларды әзірлеу үшін пайдаланылуда жер беті және жер асты сулары тұздарының қорларын анықтау, зерттелетін нысандар бойынша жер асты суларының бетінен булану әдістерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Тұздардың берілу тетігін, су – тұз құбылымын дұрыс реттеуді зерттеу кезінде келесі мәндерді анықтау қажет-тұздардың еруі, жыныстардың сілтісізденуі, топырақ пен жер асты суларының булануы, конвективті диффузия, сүзгілеу ағынымен тұздардың тасымалдануы, ерітінді жүйесіндегі ион – тұз тепе – теңдігі-қатты фаза, кеуек ерітінділерінің ығысуы және т. б.терең қопсыту аясында мелиоративті шаралар, сонымен қатар зерттелетін аймақты шаюдың оңтайлы мөлшерлері белгіленген.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 42-50
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University