ASSESSMENT OF THE TOURIST AND RECREATIONAL POTENTIAL OF THE REGIONAL DESTINATION OF KYZYLORDA REGION
Туристік-рекреациялық әлеует аймақтың географиялық орналасу орнын, аумақтың танымалдылығын, туристердің ақпараттандыру деңгейін, туристік диверсификация деңгейін, қауіпсіздік деңгейін және ең бастысы, туристік ресурстарды және көптеген өзге компоненттерді қамтиды. Осы туристік әлеует Қызылорда облысы аймағының туризм даму жағдайының алғышарты болып табылады. Қызылорда облысында туризм саласы аймақты дамыту стратегиясына енгізілген, сондай-ақ үлкен көңіл бөлінетін әлеуметтік - экономикалық саясаттың басым бағыты. Қызылорда облысы аумағы Қазақстандағы перспективалы туристік аймақ ретінде әрине туристік әлеуеті бар, алайда қазіргі уақытта оның кешенді бағалануы жасалмады. Қызылорда аумағында ішкі және келу туризмін одан әрі табысты және тұрақты дамыту үшін ресурстарды ұтымды бөлуді реттеу, облыстағы көптеген аудандардың бұрын қаралмаған туристік әлеуетін қалыптастыру үшін ресурстарды дұрыс пайдалану қажет. Осы ретте Қызылорда облысының туристік әлеуетін тиянақты зерттеу және талдау аса маңызды болып отыр.Мақалада Қызылорда облысы аумағындағы туризмнің даму жағдайы, туристік әлеуеті және аймақтың болашақ туристік даму перспективасы жазылған. Қызылорда облысының туристік әлеуетіне сандық және сапалық бағалау жасалды, оның нәтижесінде облыс аумағында даму мүмкіншілігі жоғары туризм түрлері анықталды. Аймақтың туризм даму мүмкіншіліктері, қауіптері, әлсіз және мықты жақтары айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 60, № 1, С. 255-260
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University