Central AsianResearch Index

INCREASE OF STUDENTS ACTIVITY AND INTEREST TO THE DISCIPLINE IN DISTANCE LEARNING

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН, БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Бұл мақалада «Мамандыққа кіріспе» пәнінен білім алушылардың пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру жолдары баяндалған.Болашақ мамандарды кәсіптік қызметтерінің ғылыми негіздерімен таныстыру және оқу еңбегінің мәдениетін меңгерту мақсатында ЖОО-дағы педагогикалық практикалардан өту ерекшеліктерімен,ең бастысы білім алушылардың педагогикалық кәсіби сапаларын қалыптастыру жолдары көрсетіледі. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасау мәдениеті,педагогикалық әдеп,сөз сөйлеу шеберлігі, шығармашылық,педагогикалық техника туралы баяндалады.Студенттердің таңдаған мамандықтарына,яғни педагог профессиограммасына сәйкестігін анықтау жолдарымен олардың бойында қандай қасиеттері,қабілеттері болу керектігі туралы айтылады.Студенттердің практикалық және БАОӨЖ сабақтарында орындаған жұмыстарының кейбір үлгілері берілген. Біз негізінен өздігінен білім алудың жүйелі түрі туралы айтатын боламыз, өйткені бұл кәсіби және білім беру стратегиясын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрі. ЖОО-ғы оқу процессі студенттерге теориялық және практикалық жағынан оқытудың әр түрлі нысандары ұсынылатындай етіп құрылған. Бірінші курстан бастап студенттер, педагогикалық қызметтің объектісі және субъектісі ретінде педагогикалық процесстің ішінде болып, түрлі қызмет атқаруға тиісті. Яғни, бұл жағдайда оқу процесінің өзі педагогикалық практиканың рөлін атқарады.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 60, № 1, С. 184-193
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University