TRADITIONAL CONTINUATION AND ARTISTIC SCHEME OF "ORKHON-YENISEI" WRITTEN MONUMENTS
Әдебиеттану ғылымындағы жазба ескерткіштерінің көркемдігі мен дәстүр жалғастығы турасындағы зерттеулер түрлі жаңа бағыттардың бірлесіп, тың пікірлердің тууына себеп болып жатқаны белгілі болып отыр. Аталмыш еңбек «Орхон-Енисей» ескерткіштері туралы танымдық мәселені қозғайды. Ең бастысы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі поэзиялық көркемдік кестесі мен дәстүр жалғастығын айқындайды. Сан ғасырлар бойы тарих талқысынан өткен дәстүр халқымыздың ой-сезімін, болмысын көркем образға айналдыратын ұғым. Олай болса, «Орхон-Енисей» ескерткіштерінің көркемдігі, ондағы ой орамдары кең ұғымда сол кезеңнің тарихынан хабар беретін, құпияларды ашатын кілт ретінде түсіндіріледі. Бұлай дейтініміз бұл әдеби ескерткіштерде де көркем шығарманы жасайтын көркемдік өрнектер жеткілікті. Ең бастысы жазба ескерткіштеріндегі жорық жырлары, қаһармандық жырлар, соғыс тақырыбындағы даналық жырлардың молдығы байқалады. Сондай-ақ, «Орхон-Енисей» ескерткіштеріндегі мұң-шер өлеңдердегі бейнелеу, образдың басым екені қарастырылады. Ескерткіш жырындағы эпикалық дәстүр көрінісі қазақтың эпостық жырларымен үндесіп жатқанын ескере отырып, мақаламызда олардың мағыналық парадигмаларына талдау жасалады. Түркі тілдерінің сөз тізбектері «Орхон-Енисей» ескерткіштерінде қалыптасқандығын сөйлемдер мен сөз тіркестерінен дәйектемелер келтіру арқылы дәлелденеді. Аталған ескерткіштерде аңыздың ескі үлгілері, жыр, жоқтау, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер әдебиет тарихы үшін қажет екені сөз болады
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 60, № 1, С. 168-174
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University