Central AsianResearch Index

SYNTACTIC TERM: SUBORDINATIONAND MAIN COMPONENT

СИНТАКСИСТІК ТЕРМИН: БАҒЫНЫҢҚЫ-БАСЫҢҚЫ СИПАТ
B. Sagyndykuly, B. Boranbay

Синтаксис мәселесі әлі де болса тыңғылықты зерделеулерді қажет етеді. Мақала авторлары да осы бағытқа көңіл аудартады. Негізгі тақырып – синтаксистік терминдену. Мақалада бағыныңқы-басыңқы сипаттың сөз тіркесі синтаксисіне тән құбылыс екендігі барынша бекітілген. Сонымен қатар авторлар бұл термин сөздерді сөйлем дәрежесінде, оның ішінде құрмаластың сабақтас сөйлем дәрежесінде, көрсетілгенін дамытады. Әсіресе, құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлеріндегі ерекшелік басты назарға алынып, мысалдар арқылы дәлелдеуден өтеді. Авторлар «Бағыныңқы және басыңқы атауымен келетін бірліктердің қатарын санамалап беруге бола ма» деген сұрақ қоя отырып, оның жауабын іздеуде ғалымдар пікірлеріне ден қойған, қажетті жерінде олармен ұштастырып отырған. Ғылыми тұжырымдар авторлар ұсынымдарындағы ой-пікірлерді жинақтауда пайдаланылған. Және олардың дені қазақ ғалымдарының ертерек уақытта айтылған теорияларына негізделген. Мұнымен авторлар қазақы тұжырымдардың әлі де болса көкейтестілігін жоғалтпағандығын көрсеткісі келген. Авторлардың қорытындысында да нақты ұсыныстар бар. Олардың пікірінше, мәтін түзу мәселесі барынша зерделенуге түскенімен, ғылыми талдануға жарарлық тұстары бар. Мәселен, мәтін синтаксисіне тән құрылым бірліктері ішінде бағыныңқы-басыңқы сипатты талдаулар жетіспейді. Сондықтан да жас ізденушілер

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 60, № 1, С. 156-161
Язык
Казахский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University