FEATURES OF EFFECTIVE USE OF INFORMATION AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES IN BIOLOGICAL EDUCATION
Мақалада мектепте биологияны оқытуда заманауи білім беру жүйесінде заманауи техникалық құралдарды жүйелі қолдану тереңдей қамтылады. Қазіргі біздің ғасыр – ақпаратқа толы ғасыр, яғни ақпараттық технологиялардың дамуы дәуірінде, еліміздің болашағы – жас ұрпаққа заманауи білім беруді қамтамасыз ету және жан-жақты дамуға жәрдемдесу үшін оқытушыдан шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Қазіргі уақытта білім беру саласында кадрлар даярлауды заманауи техникалық құралдардың көмегінсіз ұйымдастыру мүмкін болмайды. Сол себептң, қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі де бірегейі оқытуды толығымен ақпараттандыру, яғни білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану болып саналады. Оқытудың кез-келген технологиясы іс-әрекеттің белсенділігін жоғарылатуға, оқу процесін арттыруға, сонымен қатар, тұлғаны жетілдіруге, дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, мақалада білім беру мен тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, жаңа әдістемелік тәсілдерді, жабдықтарды, жаңа тұжырымдамаларды құру және оларды қолдану толық жеткізіледі. Биологияны оқытуда заманауи техникалық құралдар, атап айтқанда, аудио, медиа, видео құралдар, сонымен қоса, инновациялық әдістер арқылы жүргізілген сабақтың әдістемесінің тиімділігі мақалада көрсетілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 60, № 1, С. 107-113
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University