RICE STRAW AND HUSK OIL SLUDGE FOR PROCESSING THROUGH THE USE OF LIGNOSULFONATE AS A BINDER WITH ACTIVATED CHARCOAL
Бұл мақалада белсендірілген көмір алу үшін күріш қалдығымен мұнай қалдығына байланыстырушы лигносульфонат әсері зерттелді. Күріш қалдығы (қауызы және сабаны) мен мұнай шламын бірге өңдеу арқылы брикеттелген белсендірілген көмір алу үшін қоспаға лигносульфонат қосылды. Қоспаны карбонизациялау және белсендіру кварцты шыныдан жасалған түтікте ұзындығы 300 мм және диаметрі 60 мм, қыздыру бөлімінің ұзындығы 200 мм болатын BR-12 NFT сериялы жоғары температуралы вакуумдық түтікті пеште жүргізілді. Пешке күріш қалдығы (қауызы мен сабаны), мұнай шламы және лигносульфонат қосу арқылы алынған брикет орналастырылды. Карбонизация 500ºС температурада, белсендіру 850ºС температурада 2:1 қатынаста су буымен жүргізілді. Күріш қалдығы мен мұнай шламына лигносульфонат байланыстырғышын қосу қатынастарының өнім қасиетіне әсері зерттелді. Қоспаны бірге өңдеудің оңтайлы қатынасы күріш қалдығы:мұнай шламы:лигносульфонат = 9:1:2 (массасы бойынша) қатынастары табылды. Алынған өнімнің йод бойынша адсорбциялық белсенділігі, су бойынша жалпы кеуектер көлемі, ылғалдың массалық үлесі, метилен көгі бойынша адсорбциялық белсенділігі және үйінділік тығыздығы тәрізді көрсеткіштер зерттелді.Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша белсендірілген көмірдің құрамындағы лигносульфонат мөлшері артқан сайын оның собрциялық қасиетінің артатыны байқалды. Күріш сабанынан да, күріш қауызынан да алынған белсендірілген көмір жоғары сорбциялық қасиеттерге ие. Тәжірибелік зерттеулер нәтижесі бойынша 9:1:2 қатынастағы күріш сабаны мен мұнай шламына лигносульфонатты қосу арқылы алынған белсендірілген көмір БАУ-А, ДАК, БАУ-Au маркаларына сәйкес келед
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 60, № 1, С. 90-98
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University