ORGANIZATION OF EFFECTIVE MEASURES TO COMBAT MELON FLIES THROUGH AN ENVIRONMENTALLY SAFE SYSTEM
Бұл жұмыста қауын шыбынының (myiopardalis pardalina Bigot.) Қызылорда облысы аумағында таралуы мен оған қарсы экологияға зияны тимейтін қауіпсіз жолдар арқылы күресудің шаралары қарастырылған. Тек химиялық жолмен ғана күресуден бөлек, агротехникалық шаралар мен биологиялық тірі микроорганизмдер негізіндегі препараттарды қолдануға болатында ескеру керек. Нәтижесіне көз жеткізу үшін, тәжірибе алаңындағы жасаған еңбектерден бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елдерінің ғалымдары жүргізген зерттеулерге негізделді. Феромондар мен өсімдіктердің өсу стимуляторларын қолдана отырып, қауын шыбынына қарсы қауындарды қорғаудың біріктірілген жүйесі жасалды. Зиянкес үшін тіпті ешқандай әлі күнге дейін химиялық инсектицидтерде максималды нәтиже берген емес. Тек қауын шыбынының санын азайтып, таралу ареалын тұрақты ұстап тұра аламыз. Күтілген нәтиже қауын шыбынын 80-90% дейін жою жоспарланған болатын, өкінішке орай, 40-50% шамасында нәтиже ала алынды. Оған себеп, оның алдыңғы жылы да осында қауын егілген және Нурелл-Д препаратына қарсы зиянкесте төзімділік пайда болған. Сондықтан, одан кейінгі уақытта химиялық препараттарсыз күресу шараларын ұйымдастыра отырып, жақсы нәтижеге жету мақсатында 2021 жылы Қызылорда облысы, Қарауылтөбе ауылында 1 га егістік тәжірибелік алқапқа қауын сорттарын егіп, зерттеу жұмыстары жүргізілді
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 60, № 1, С. 53-59
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University