Central AsianResearch Index

TECHNOLOGY OF IRRIGATION OF SORGHUM FODDER CROP BY LOW-PRESSUREDRIPSYSTEMINTHECONDITIONSOFKYZYLORDAREGION

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАНТ ҚҰМАЙЫ МАЛ АЗЫҒЫ ДАҚЫЛЫН ТӨМЕН ҚЫСЫМДЫ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІМЕН СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Мақалада өлкенің климаттық топырақ ерекшелігіне байланысты жоғары сапалы, тұрақты өнім беретін мал азықтық дақыл – қант құмайын пайдалану қарастырған. Әлемдік климаттың өзгеруімен жер бетіндегі халық санының өсуінен азық-түліктің жетіспеушілігі, мал шаруашылығын дамыту мақсатында ғалымдар мен сарапшылар ерекше көңілді қант құмайына бөлуде. Көптеген факторлардан еліміздегі тұзданған жер көлемі жылдан жылға артуда. Құмай ең алдымен ең аз транспирация коэффициентімен ерекшелінеді. Мысалы, күнбағыс судың – 895 бөлігін, жүгері – 388, ал қант құмайы – 300 бөлігін тұтынады. Қант құмайы мал шаруашылығының өнімділігін, сапасын жақсартады. Жүгері сияқты дәстүрлі сүрлем дақылына қант құмайын пайдалануға болады. Ол қант құмайын пайдаланудың әмбебаптылығымен, ыстыққа, құрғаққа төзімділігімен және жоғары өнімділімен түсіндіріледі. Сондықтан Арал өңірінің Қазақстан бөлігі үшін, мал азығы дақылдары технологиясының элементтерін зерттеудің маңызы зор. Қант құмайы дақылын, құрғақ Арал өңірі аймағындағы егу, мал шаруашылығына қажетті мал азығының базасын нығайтудың маңызды резерві болып табылады. Әлемдік өсімдік ресурстардың арасында қант құмайы ыстыққа, құрғаққа, тұзды топыраққа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Қант құмайының су шығыны жүгерімен салыстырғанда бір жарым есе аз және астық дақылдарымен салыстырғанда екі есе аз жұмсайды. Қант құмайынан алынатын құрғақ заттың шығымы жүгерімен салыстырғанда 30% жоғары.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 60, № 1, С. 45-52
Язык
Английский
Цитирований
1
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University