Central AsianResearch Index

THE EFFECT OF LIQUID BIOLOGICAL FERTILIZER "TUMAT" AND THE AMOUNT OF MINERAL FERTILIZERS ON THE FORMATION OF SPRING WHEAT YIELD

ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ӨНІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА «ТУМАТ» СҰЙЫҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШЫ МЕН МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МӨЛШЕРІНІҢ ӘСЕРІ

Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоративті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе биологиялық тыңайтқыштар мен минералды тыңайтқыштарды бірге қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайды агротехникалық рөлі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, жалпы дән өнімі артады. Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік (антропогендік) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи экологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын-шашын мөлшері, оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруін т.б.) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек. Арал өңіріндегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты топырақтың тұздануы күшейе түсуде, сыртқы қолайсыз әсерлерден топырақ құнарлылығы төмендеп, оның физикалық-химиялық қасиеттері нашарлай түсуде. Инженерлі дайындалған суармалы жерлерде топырақтағы тұзданған топырақтар саны мен көлемі жылдан-жылға артып келеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өте тұзданып сортаңданған топырақта өсірілгенде себілген тұқымның шығымдылығы төмендейді, өсіп шыққан өскіннің төзімділігі нашарлап, өнімділігі азаяды, фотосинтездеуші мүшелерінің мысалы, жапырақ көлемі кішірейіп, дән өнімі төмендейді, егістіктегі өсімдіктердің әртүрлі аурулармен ауыруы артады

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 60, № 1, С. 22-28
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University