Central AsianResearch Index

SEMANTIC PARADIGMS OF PHRASEOLOGICAL CONCEPTS

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАРЫ

Тіл білімі ғылымындағы фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктері турасындағы зерттеулер түрлі жаңа бағыттардың бірлесіп, соны, тың еңбектердің туындауына себеп болып жатқандығын байқап жүрміз. Аталмыш зерттеулер кез келген сөздің танымдық қоры болатындығын айқындайды. Басқаша айтсақ, сөз адамның психикасының, ондағы күрделі ой орамдарының, түрлі үдерістердің қорытпасы, кең ұғымда тұтас бір ұлт танымынан, тарихынан хабар беретін, құпияларды ашатын кілт ретінде түсініледі. Бұлай дейтініміз, сөз арқылы дүние танылады. Одан адамдардың дүниетанымы қалыптасады. Сөздің мұндай ерекшелігі ондағы лингвистикалық, биологиялық, физикалық, географиялық және т. б. білім мен тәжірибелердің бар болуымен қарастырылады. Демек, сөз адамның дүниетанымын қалай қалыптастырса, дәл сондай кері формуламен адамның тілі арқылы өзін, оның ойлауын, танымын зерттей аламыз. Бұл тұста тілдегі ерекше бірлік ретінде қалыптасқан фразеологизмдердің орны ерекше. Фразеологизмдер – ұлт рухының өз тіліндегі көрінісі. Онда ұлттың тұтастай мәдениеті, тарихы, этноменталдық ерекшеліктері сақталған. Сондай-ақ тілдің негізгі функцияларының бірі – әлем бейнесін таңбалау. Әлем бейнесі ұлт призмасы арқылы көрінетіні анық, сол себепті де адамды өзекті нысан ретінде зерттеуде оны ғылымдар тоғысында қарастырып, тілінен танымына, ойынан сөзіне, тілдік бірліктерден жалпытілдік ұғымдарға қарай зерттеу қажеттілігі туындайды.Осы орайда фразеологиялық концептілер өз кезегінде әлем бейнесін ерекше сипатты, суретті етіп танытуда әрі иерархиялық, әрі дефинициялық қызмет атқаратынын ескере отырып, мақаламызда олардың мағыналық парадигмаларына талдау жасауды мақсат тұттық.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 59, № 4, С. 224-230
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University