Central AsianResearch Index

INFORMATION MODELING TECHNOLOGIES WHEN DESIGNING CONSTRUCTION OBJECTS

ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Мақалада дәстүрлі құрылыс үрдісіндегі жаңа замануи Building Information Model (BIM) – технологияларына сипат беріледі. Ғимарат құрылысының ақпараттық модельдеу технологиясын құру–әлем бойынша жобалау және құрылыс саласы мәселесіндегі жаңа құбылыс болып табылатындықтан тұрақты түрде дамып, өзінің қолдану түрін өзгертіп отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, құрылыс саласына BIM-технологияларды толық көлемде енгізу өте күрделі үрдіс саналғандықтан, мақалада осы мәселені оңтайлы шешу жолдары қарастырылды. Қазақстанда да дүние жүзіндегі Building Information Model технологиялардың енгізілуін өз тәжірибесіне алды. Ақпараттық моделін пайдалану қателіктердің 5-7%-ға төмендеуіне әкеледі, сондай-ақ жалпы жобалау уақытын 2 есеге қысқартады. Заманауи ақпараттық жобалау жүйелері мен BIM технологиялар білім беру сапасын арттырудың, білім алушылардың кәсіби дамуын қамтамасыз етудің, техникалық салалар маманының толық бейнесін қалыптастырудың тиімді құралына айналып келеді. Ақпараттық үлгі тек сараптама және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар құрылыс объектілерін пайдалану және жаңғырту үшін де сенімді ақпарат көзі болып табылады, ғимараттың барлық тіршілік кезеңінің құнын есептеуге, оның барлық сатыларында тиімді шешімдер қабылдауға, объектіні басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: ғимарат немесе ғимарат салу жобасының өмір бойы BIM-технологияларын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру. Ұсынылған тұжырымдар құрылыс салушыларға және жылжымайтын мүлік нарығының басқа да кәсіби қатысушыларына пайдалы болуы мүмкін.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 59, № 4, С. 211-217
Язык
Казахский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University