STUDY OF THE GEOMETRIC PARAMETERS OF THE COVERING PLATE
Мақалада 2000-2015 жылдары салынған ғимараттарды зерттеу нәтижелері берілген, онда сыртқы көп қабатты қабырғаларда жұмыс кезінде пайда болатын зақымдар анықталған. Сондай-ақ, темірбетонды қуысты плиталардың есептік-конструктивтік параметрлерінің статистикалық зерттеулерінің нәтижелері келтіріліп, соңғы екі жылдағы (2019-2020) алынған параметрлердің өзгермелілігіне баға берілді. Жұмыс кезінде темірбетон конструкциялары қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне ұшырайды: күштік, физикалық, химиялық, техногенді және т.б. Белгілі болғандай, химиялық белсенді заттардың әсерінен материалдың қасиеттері өзгереді және бұл өзгеріс үлгінің көлемінде біркелкі емес жүреді. Құрылымдардың беріктігі мен сенімділігін есептеу агрессивті ортаның әсерінен материалда болатын процестердің динамикасын ескеруі керек. Ол үшін бетонның химиялық белсенді заттардың әсеріне төзімділігінің негізгі сипаттамалары анықталып, материалдың қоршаған ортамен әрекеттесу механизмі анықталуы керек. Мақалада осы жайттар жан жақты түсіндірілген. Сондықтан негізгі стандартталған көрсеткіштер бойынша ғимараттардың ұзақ мерзімділігін болжау жұмыс істеп тұрған ғимараттар үшін де, құрылымдық бұзылулар мен апаттық жағдайлардың алдын алу үшін де, жобалау және салу кезеңіндегі ғимараттар үшін, жөндеу уақытын болжау үшін маңызды міндет болып табылады және оларды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу басты міндет екіндігі дәлелденген.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 59, № 4, С. 151-161
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University