Central AsianResearch Index

ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Жұмыста қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы жанжақты ақпарат берілген. Жұмыс кіріспе, зерттеу материалдары, негізгі нәтижелер, алынған мәліметтерді талқылау, қорытынды бөлімдерден тұрады. Автор орта білім беруде қашықтықтан оқытудың маңызы, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, өз тәжірибесімен бөліседі. Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылардың өзінөзі реттеуі, барлық оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру, саралап оқыту мәселелері, оқу тапсырмасы және тиімді кері байланыс жүргізудің жолдары жөнінде өз байламдарын келтіреді. Оқушылардың қашықтықтан оқыту жағдайында метатанымдық стратегиялардың тиімділігі көрсетіліп, өзін-өзі реттеуіне кеңестер ұсынылады. Оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып оқыту нәтижеге қол жеткізеді. Осы тұста Жаңа Зеландиялық педагог Нейл Варк Флеменгтің анықтаған білім алушылардың төрт типіне тоқталып, олармен жүргізілетін тиімді тапсырмалар және әдістер келтірілген. Сондақ-ақ, мақаладан «Оқу тапсырмасына (үй тапсырмасына) қандай тапсырмалар берген тиімді және оның мөлшері қандай болу керек?» деген сауалға жауап аламыз. Ағымдағы жетістік пен күтілетін нәтиже арасындағы алшақтықты жойып, білім алушыға қолдау көрсетуде кері байланысты жүйелі қолдануды ұсынады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 58, № 3, С. 183-193
Язык
Казахский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University