LEGAL RESPONSIBILITY OF FOREIGN AND KAZAKH JOURNALISTS IN COVERING ISSUES OF INTERNATIONAL RELATIONS
Мақалада халықаралық қатынастар саласының негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама беріліп, оның маңыздылығына тоқталады, сондай-ақ журналистердің халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби этика кодекстерін білуі, халықаралық заңнамалардың республикалық заңдарынан жоғары тиіс екендігінен хабардар болу қажеттігі баяндалады. Еліміздегі халықаралық журналистика саласының кенжелеп дамуына қандай кедергілер әсер етіп жатқандығы, бұл кемшілікті жою үшін журналистерге қойылатын талаптың жоғарылағандығы сөз болады. Сонымен қатар, тұрмыстық деңгейдегі стереотиптердің баспасөз бетінде көрініс табуы кей оқиғалардыңұлтаралық қақтығысты қоздыруға себепші болып, оның соңы құқықтық жауапкершілікке ұласатындығы жөнінде мысалдар келтіріледі. Қазіргі таңда халықаралық қатынастар мәселесін шешудегі БҰҰ-ның маңызы, өзге үкіметтік емес ұйымдардың атқарып жатқан шаралары сөз етіледі. Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы саяси ұстанымы – бейтарап, жаңа замандағы саяси «ойындар» алып державалардың мүддесіне орай ұйымдастырылып, соған сәйкес нақты позиция қалыптастыру қиынға соғады. Бұл өз кезегінде шетелдік медианы былай қойғанда, отандық БАҚ-тағы ақпараттардың өзара қарама-қайшылығын туындатады.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 58, № 3, С. 169-174
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University