THE IMAGE OF ABYLAI KHAN IN KAZAKH POETRY
Мақалада Абылай хан бейнесінің көркем әдебиетте сомдалуы қарастырылған. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы Абылай хан, оның заманы жайлы тұжырымдар, ханға арналған толғаулар, дастандар, тарихи жырлар сараланып, анықталады. Абылай хан бейнесін жасаудағы ерекшеліктер ақын-жырауларға қатысты бірқатар дәйектерді келтіре отырып, хан образын ашудағы азаматтық ұстанымдары айқындалады. Сондай-ақ ғылыми тұрғыдан Абылай бейнесін жасаған шығармалар үш желіге бөлініп, ғалымдар пікірлері салыстырылады. Мақалада Абылай хан туралы қазақ ғылымында жазылған фундаментальды зерттеулерге сүйене отырып, авторлар өздерінің көзқарастарын нақты айтып өткен. Сонымен қатар Абылай хан бейнесі жасалған тарихи жырлар, мифтік жырлар, ғұмырнамалық жырларға қатысты көзқарастарға шолу жасалған. Ұрпаққа рухани нәр беретін хан тұлғасын жинақтық бейне етіп қарастырған. Хан бейнесі арқылы халқымыздың азаттық жолындағы күресі де назардан тыс қалмаған. Ұлт мақтанышы Абылай хан бейнесі шынайы ашылып, жан-жақты дәлелденіп, талданып көрсетілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 58, № 3, С. 152-159
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University