EFFICIENCY OF APPLICATION OF AUTOMATED DESIGN AND INFORMATION MODELING SYSTEMS
Автоматтандырылған жобалау жүйелері мен BIM технологиялар білім беру сапасын арттырып, білім алушылардың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін, техникалық салалар маманының толық бейнесін қалыптастыруға жәрдемдесетін тиімді құралдарға айналып келеді. Оның ішінде ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM) – жобалау сәтінен бастап және ғимарат құрылысы мен пайдалануымен аяқтап, жоба туралы расталған, келісілген ақпаратқа негізделген заманауи технология болғандықтан өндірісте жоғары сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша жоғарғы оқу орындарының инженерлік мамандықтарын бітірушілердің маңызды құзыретіне қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдана білу жатады. АЖЖ мен BIM технологияларымен жұмыс жасауға дағдылану, сөзсіз, инженерлік кадрларды даярлау сапасын жақсартуға септігін тигізіп, жас маманның жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жұмыс орнына бейімделуге қажетті уақытын едәуір қысқартады және жұмыс беруші жағынан оның сұранысын айтарлықтай арттырады. Сонымен бірге, оқу үдерісінде аталмыш технологияларды қолдану, мамандарды даярлаудың негізгі мәселелерін шешумен қатар, жиынтық әрекеті оқыту нәтижелерін бірнеше есеге жақсартатын бірқатар қосымша білім беру нәтижелерін бермек. Кілт сөздер: Ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM), AutoCAD, инженерлік мамандықтар, оқу үдерісі, ақпараттық модель
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 57, № 2, С. 168-173
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University