WAYS TO IMPROVE THE RISK MANAGEMENT SYSTEM AT THE ENTERPRISE IN A CRISIS
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе кәсіпорынның қаржылық қызметіне байланысты. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірлейді, осыған қарамастан қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді. Осы проблемаларға байланысты әрбір кәсіпорында тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады. Тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – кәсіпорын үшін ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады.Кәсіпорында тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру, тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі. Осыған орай, мақалада Кәсіпорында тәуекел-менеджментті басқарудың тео¬риялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау, тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 56, № 1, С. 231-240
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University