POETRY SCHOOL TRADITION OF THE SYRDARYA REGION
Мақалада Сыр еліндегі ақындық мектеп дәстүрi туралы, оның поэтикалық табиғаты сөз болады. Aтап айтқанда Арал, Қазалы өңіріндегі қалыптасқан ақындық мектеп, оның ерекшелігі, шығармашыл тұлғалар қалыптастырған әдеби дәстүр мәселелері қарастырылған. ХХ ғасыр басында өмір сүріп, ақындық мектепті қалыптастырған Байназар Өтепұлының шығармалары да ұлттық әдебиетiмiздiң рухани қазынасы болғаны дәйектелген. Ақындық мектеп дәстүрiнiң қазақ даласының барлық өңiрлерiндегi ықпалды шығармашылық орта болғандықтарына жүйелi сипаттама жасағалған. Байназар Өтепұлының Қазалы жерінде ақындық мектептің белді өкілі ретінде танылғандығы шығармаларына талдау жасау арқылы дәлелдермен айқындалады. Aқындық поэзияның көркемдiк жалғастығы жүйесiнде өзiндiк әдеби мұрасын қалыптастырған Б.Өтепұлының шығармашылық ерекшелiктерi қазақ әдебиетi тарихындағы дәстүрлi сипаттар бойынша танылатындығы сараланған. Aқындық поэзия дәстүрiнiң көркемдiк жалғастығы жүйесiнiң үздiксiз шығармашылық қозғалыстағы болмысы Б.Өтепұлының әдеби туындылары негізінде бағаланды. Халқымызда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ақындық дәстүр, ақындық мектеп, оның жалғастығы, рухани үндестік болашаққа ұласатын жол екендігі дәлелденді. Мәңгілік ел, рухани жаңғыру аясында ақындық мектеп, оның өкілдерін таныстыра отырып, ұлттық болмыс, ұлттық бітім, ұлттық код, ұлттық сипат ұғымдары айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 56, № 1, С. 164-171
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University