Central AsianResearch Index

INVESTIGATION OF THE EFFICIENCY OF CABLE THERMOCOUPLE APPLICATION

КАБЕЛЬДІК ТЕРМОПАРАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Бұл мақалада температура өлшеу аспабы – кабельдік термопараның қарапайым өткізгішсымды термопарамен салыстыру нәтижесіндегі тиімділігі қарастырылған және оның қасиеттерін зерттеу нәтижелері, артықшылықтары келтірілген. Қазіргі ғылымда, өнеркәсіпте және энергетикада өтіп жатқан технологиялық процестің температурасын өлшеу мен реттеудің дәлдігіне қойылатын талаптар күннен күнге өсуде, өйткені олар өндірістің рентабельділігіне және түпкілікті өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде термопаралық кабельден жасалған термоэлектрлік түрлендіргіштер кеңінен қолданылады. Термопаралық кабель жалпы өнеркәсіптік және жарылысқа қарсы конструкциялардың термоэлектрлік түрлендіргіштерін өндіруде кеңінен орын алды. Кабельдік ТП-ның сөзсіз артықшылығы - жоғары термоэлектрлік тұрақтылық және сымды жылу түрлендіргіштерімен салыстырғанда жұмыс ресурсының көп болу; иілгіштігі, яғни қол жетімді емес жерлерде орнату мүмкіндігі, мұндай жағдайда ТП ұзындығы 60-100 метрге жетуі мүмкін; әр түрлі жұмыс жағдайлары үшін қолданудың әмбебаптығы; жақсы технологиялық, төмен материал сыйымдылығы, үлкен жұмыс қысымына төтеп беру мүмкіндігі, агрессивті ортада пайдалану мүмкіндігі. Орташа температураларды өлшеуде қолданылатын көптеген құралдарының арасында ең көп тарағаны - температураны жанаспалы (контактный) әдіспен өлшеу. Өндірістегі және ғылыми зерттеулерде қолданылатын барлық температура өлшегіштердің басым көпшілігі -термоэлектрлік түрлендіргіштер, олардың сезімтал элементтері болып термопаралар саналады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 56, № 1, С. 95-101
Язык
Английский
ISSN
1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
Издатель
Korkyt Ata Kyzylorda University