APPLICATION OF INNOVATIVE TECHNOLOGY OF REGULATION OF THE SALT REGIME ON THE SOILS OF RICE CROP ROTATION
Мақалада Арал өңіріндегі мелиоративті-инженерлік жүйеге келтірілген суармалы алқаптың ауыспалы егіс топырағындағы күшейген тұздылық мөлшерін бәсеңдетудің жаңа технологиясы мен зерттелген нәтижелері баяндалады. Қазіргі таңда 251 мыңнан аса ауыл шаруашылығына пайдалану жарамды жер бар. Оның 2020 жылы инженерлік жүйеге келтірілген 184 мың гектар жер пайдаланылады. Біздің мақсатымыз топырақты жақсартып қана қоймай, қалған 67 мың га аумақты айналымға қосу. Осы жерлердің жағдайын жақсартып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын және шаруашылықтардың экономикалық жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасының Президенті ауыл шаруашылығындағы маңызды міндеттердің бірі ретінде суармалы жер көлемін таяудағы уақыттың ішінде 3,0 млн. гектарға арттыру міндетін алға қойып, Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Үкіметте суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда Қызылорда облысы экономикасын дамытуда егіншілік саласының маңызы зор. Күріш – осы өңірдегі басты дақыл болғандықтан, оның егіс көлемі 80-85 мың гектардың маңайында тұрақталып, одан жыл сайын шамамен 450-500 мың тоннадан аса күріш салысы өндірілуі тиіс. Күріш дақылы соңғы жылдары аймақтағы бірден-бір экспорттық әлеуеті артып, нарықта оңтайлы жағдай қалыптастырып отырған бірден-бір дақыл.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 56, № 1, С. 81-87
- Язык
- Английский
- ISSN
- 1607-2782 · 2958-8359 · 2958-8367
- Издатель
- Korkyt Ata Kyzylorda University