Central AsianResearch Index

ХХ Ғ. 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАРДЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚҚА АЛУ ТАРИХЫ

Кіріспе. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қамқоршылық және Заң көмегі ішкі бөлімдері панасыз балаларды қамқорлыққа беру және оларға заңгерлік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізді. Сол кезеңнің заңнамасына сәйкес заң көмегі дамып, қамқоршылық қызметі жетілдірілді. Мақсаты мен міндеттері. Мақаланың мақсаты – еліміздегі балалар панасыздығына қарсы күресте Кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау бөлімінің Қамқоршылық және Заң көмегі ішкі бөлімдерінің қызметін зерделеу. Материалдар мен әдістер. Панасыз балаларды қамқоршылыққа алу және оларға заңдық көмек көрсету тарихына қатысты дереккөздер мен архив құжаттарына талдау жүргізілді. Тақырыпты зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, ретроспективтілік, күнделікті өмір тарихы, пәнаралық талдау т.б. әдістер пайдаланылды. Нәтижелер. Архив деректерін талдау нәтижесінде ХХ ғ. 30-жылдарындағы Қамқоршылық және Заң көмегі ішкі бөлімдері қызметінің негізгі көрсеткіштері айқындалды. Атап айтқанда, балаларды қамқорлыққа берудің нақты құқықтық тәртібі, жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар және қамқоршылардың заңдық міндеттемелері жүйеленді. Сондай-ақ, панасыз балаларға құқықтық консультация беру мен олардың мүддесін қорғаудың жаңа заңнамалық тетіктері мен бағыттары тұжырымдалды. Қорытынды. Зерттеу барысында мемлекеттік балалар үйлеріндегі және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың балаларын қамқорлыққа алуда негізінен туыстық қатынастарға басымдық берілгені дәлелденді. Бұл үрдіс сол кезеңдегі кеңестік заңнамалық талаптардың қазақ қоғамының жетім баланы жақындарының паналатуына қатысты дәстүрлі құндылықтарымен ұштасқанын көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 5
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology