Central AsianResearch Index

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ АЙМАҚТЫҚ СИПАТЫ: ЖЕТІСУ ЖӘНЕ АБАЙ ОБЛЫСТАРЫ КУӘГЕРЛЕРІНІҢ ЕСТЕЛІКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ

Кіріспе. Ғылыми мақала 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы мен саяси-идеологиялық астарларын ауызша тарих әдістемесі негізінде кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты – оқиға куәгерлері мен қатысушыларынан естеліктер жинап, алынған ауызша деректерге сараптама жасау арқылы тарихи шындықты қалпына келтіру. Зерттеудің міндеттері – ауызша деректерді зерделеу, кеңестік тоталитарлық жүйе таңған «бұзақы», «ұлтшыл» және «маскүнем» деген сияқты жалған стереотиптерден арылтып, оны отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс әрі Қазақстан Тәуелсіздігінің шынайы іргетасы ретінде айқындау. Жұмыстың деректік базасын Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің архив деректері, Жетісу және Абай облыстарының аймақтарында (Жарма, Үржар, Көкпекті т.с.с.) тұратын оқиға куәгерлері мен саяси қысым көрген Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардан алынған жанды естеліктер, мерзімді баспасөз материалдары мен тарихнамалық еңбектер құрайды. Архив деректерінің әлі де қолжетімсіз болуы мемуарлық деректерді тарихи-салыстырмалы талдау әдісі арқылы ресми тарихнамадағы «ақтаңдақтарды» қалпына келтіруге және тоталитарлық жазалаудың шынайы сипатын әшкерелеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі. Желтоқсан көтерілісі тек Алматы қаласымен шектелмей өзге өңірлерде кең қолдау тапқан жалпыхалықтық сипат көрсетті. Көтерілістің тарихи тамыры тереңде жатқаны, ол Алаш қозғалысы мен 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге қарсылықтың заңды жалғасы екені дәлелденді. Мақала ұлттық жадыны жаңғыртуда және тарихи әділеттілікті орнатуда маңызды ғылыми мәнге ие. Қорытынды. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың жастық шағы ауыр да қиын сәттерден тұрды. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына себепкер болған тарихи оқиға куәгерлерінің көрген білгендері қазақ тарихының ақтаңдақтарын тануда әлі де өзекті.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 5
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology