Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ТАТАР ДИАСПОРАСЫ ТАРИХЫ

Кіріспе. Мақала Қазақстандағы этникалық топтардың бірі – татар халқының зерттелу мәселесіне арналған. Еліміздің біртұтастығын сақтауда этникалық топтардың да Қазақстанда қалыптасу тарихы мен мәдениетін зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Зерттеуде авторлар татар халқының Қазақстанға қоныс аудару себептері мен салдары, олардың қазақ даласында атқарған қызметтері, жергілікті қазақ халқымен араласуы, әлеуметтік-мәдени қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастығы жөніндегі зерттеулерге талдау жасалған. Авторлар талдау барысында орыс, шетелдік және отандық зерттеушілердің татарлар жөніндегі еңбектерін салыстырмалы түрде келтіре отырып, олардың тұжырымдары мен пайымдаулары, ұқсас пікірлер мен ерекшеліктер талданады. Зерттеудің мақсаты Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан татар диаспорасының тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу мәселелерін, олардың қоныс аудару себептері мен салдарын, жергілікті қазақ халқымен әлеуметтік-мәдени ықпалдасуы жөніндегі зерттелу деңгейін талдау. Мақаланың міндеттеріне татарлар жөніндегі зерттеулер топтастырылып, орыс, алыс шетелдік және отандық деп жүйелі түрде қарастыру, олардың қоныс аударуындағы себеп-салдарларды айқындау, зерттеулердегі тұжырымдардағы ортақ пікір мен ерекшеліктерді көрсету. Зерттеулерді талдау барысында тарихи-жүйелілік әдіс, тарихи-салыстырмалы әдістер негізге алынған. Зерттеудің нәтижелері татар диаспорасының қазіргі кезеңдегі зерттелу деңгейі жан-жақты талданды. Олардың қоныс аударуы бір жағынан орыстардың келуімен байланысты болса, екінші жағынан өз еркімен келгендердің де бар екендігі көрсетілді. Олардың қазақ даласында жүргізген қызметтері, қазақ халқының мәдениетіне тигізген ықпалы мен салдары талданды. Қорыта келгенде Қазақстандағы татар диаспорасының тарихын зерттеу арқылы этникалық топтардың этномәдени үдерістерін, әлеуметтік-мәдени өзара ықпалдастығын зерделеуге мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар Қазақстандағы татар диаспорасын тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеудің әлі де кемшін тұстары бар екендігіне көз жеткіздік. Қазақстандағы татар халқын тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу тарихнамалық зерттеулер үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 5
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology