Central AsianResearch Index

ДУЛАТ ТАЙПАСЫНЫҢ ШУ-ІЛЕ ЖӘНЕ ТАЛАС АҢҒАРЫНДАҒЫ МЕРЗІМДІК ҚОНЫСТАРЫ МЕН МЕРЗІМДІК ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ИЕМДЕНУ АРЕАЛЫ

Кіріспе. Қазақтарының этникалық тарихы аса күрделі үдеріс. Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақтардың мерзімдік қоныс, мерзімдік жайылымдық жерлерді иемденуі мен олардың саны туралы мәліметті ғылыми өңдеуге алғашқы жазба деректер, статистикалық санақ парақтары, байырғы қоныс орындарының маңызы зор. ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі зерттеушілердің, әскерилердің жазбалары сол кезеңнің дәстүрлі өмірінің дәлме-дәл болмысын береді. Қазақ халқының көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу кезеңіндегі өзгерістер, байырғы мерзімдік қоныстар арасындағы көш-қатынас жолдарының ареалын анықтау тарихи-этнография бағытында аса өзекті мәселе қатарында. Зерттеудің мақсаты және міндеттері дулат тайпасының Шу-Іле, Талас өзені аңғарындағы мерзімдік қоныстарды иемденуін «атақоныс» жүйесі, «локальды этнография» немесе «аймақтық этнография» концентінде талдау; тұрақты қыстауларын, ауылдардағы шаңырақ санын, мерзімдік қонысқа көшіп-қону, жартылай көшпелілер мен отырықшылардың ара салмағын анықтау. Нәтижелер. Дулаттардың қоныстану ареалы кең болды, әрі оңтүстік-шығыста Шу, Талас өзендерінің орта ағысы аңғарында олардың саны ең басым руды құрады. Дулаттар Әулиеата, Черняев, Верный уезінде қыстап, жазда Шу, Талас өзенінің жоғары ағысы, Қаратау асуларынан өтіп Наманганға дейін барды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын дулаттар қыста Қызылқұмның шығысындағы жайылымдарды да иеленді. Қорытынды. Талас, Шу-Іле аңғарындағы осы таңдағы қоныстануы алғашқы санақ жазбасында тіркелген қоныстарға сәйкес келеді деп қорытындылауға болады. Дулаттардың мерзімдік қоныстарына жүргізілген далалық этноархеологиялық зерттеулер байырғы мерзімдік қоныстар және қазіргі елді мекендерінің сәйкес келетінін, қыстау-жайлау топонимикасының өзгермей жеткенін айғақтады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 3, С. 926-946
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology