ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІС КЕЗІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
Кіріспе. Бұл мақалада Жетісу облысындағы 1916 жылғы көтерілісті қадағалаудағы империялық жандармдық–полицейлік жүйесінің қызметі архив қорларындағы деректік материалдар арқылы талдау мақсаты қойылған. Зерттеудің өзектілігі полиция мекемелері, жандармдар бөлімшелері тыңшыларының көтеріліс алдындағы Жетісудағы жағдай туралы берген мәліметтері неге ескерусіз қалып, 1916 жылғы көтеріліске жол берілді деген мәселеге жауап іздестіру арқылы айқындалады. Мақалада, көтерілістің басталу кезеңі, көтеріліс басшылары мен қатысқандарды анықтау, түрмеге жабу, жазалау, және жеңілістен кейінгі ауыр жағдай арнайы кұжаттар материалдары арқылы талданады. Зерттеудің методологиялық негізіне: қоғамның әлеуметтік–экономикалық және саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер, тарихи зерттеу үрдісіндегі жаңашылдық қағидаттарға бағытталған әдіс–тәсілдер жүйесі алынды. Мақаладағы алынған нәтижелер мен талқылау барысында Жетісу облысындағы 1916 жылғы көтерілісті қадағалаудағы империялық жандармдық–полицейлік жүйесінің қызметі оның айналымдық хаттары, рапорттары, есептік баяндамалары, хаттамалары және басқа да құжаттық материалдары арқылы көтеріліс алдындағы Жетісу өлкесінің әлеуметтік–экономикалық және саяси жағдайына шолу жасалып, орыс шаруаларын қоныстандыру, жер мәселесі қалай шешім тапты, көтеріліс алдындағы жандарымдар, сақшылар бөлімі филерлері, агент–тыңшылары арқылы мәліметтер жинастырылуы, көтерілістің бастапқы кезеңі, олардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларын ұстау, жазалау, көтеріліс талқандалғаннан кейінгі тұрғындарды жер аудару, босаған жерлерін орыс шаруаларына таратып беру қысқа түрде, архив деректері арқылы баяндалды. Қорытынды: Бұндай көтерілістің әйтеуір бір болмай қоймайтындығы анық еді, жоғарыда келтірген деректерге талдау жасай келе 1916 жылғы көтерілістің себептері тек қана тыл жұмысына алуға байланысты ғана емес тым әріден басталып, жер мәселесінің ушығуына орай, жергілікті бай–манаптар езгісінен өсіп шығып, отарлық езгіге қарсы ұлт–азаттық күреске ұласқандығы туралын қортынды жасалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology