Central AsianResearch Index

МӘЖБҮРЛІ АУА КӨШУДІҢ ТАРИХИ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Кіріспе. Мәжбүрлі ауакөшу тарихының деректік корпусы қалыптасып, оның жалпы картинасы ғылыми қалпына келтірілді. Ендігі кезекте тақырыпқа қатысты ғылыми зерттеу жаңа бағыттар мен желілерді игеріп, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тың тұжырымдар жасалуы керек. Бұл ізденістер Отан тарихының зерттелуі мен тарихи танымды жаңалауды өзектілендіреді. Осы тұрғыда пәнаралық байланыстардың танымдық мүмкіндігін пайдаланып, тақырыпты тарих психологиясының зерттеу әдіс-тәсілдерімен талдау тоталитарлық биліктің жаппай қуғын-сүргін саясатының күрделі құбылысына қатысты жаңа көзқарас қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – мәжбүрлі ауа көшу тарихының деректерін тарихи психология әдіс-тәсілдерімен талдап, тарихи құбылыстың себеп-салдарлы байланыстарына жаңа көзқарас ұсыну; құбылыстың этнодеформациялық салдарларын анықтау және жіктеу. Нәтижелер. Мақалада архив деректері мен естеліктер негізінде тұрғындардың тоталитарлық биліктің қуғын-сүргіндік реформаларына қарсылық ретінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары туған жерлерінен мәжбүрлі түрде ауакөшу үдерісінің тарихы деректік негізде талданды. Мәжбүрлі ауакөшуге ықпал етуші факторлардың біріне айналған домалақ арыз жазудың тәжірибеге енуінің феномені анықталды және ол тоталитарлық биліктің тұрғындарды қуғындаудың тетігіне айналғандығы жөнінде тұжырым жасалды. Мәжбүрлі ауакөшу үдерісінің оқиғалары тарих психологиясының тәсілдерімен талданып, бағаланды. Ұлттың дәстүрлі саяси, рухани құндылықтарының өзгеруі этнодеформациялық ахуал ретінде бағаланып, оның жекелеген көріністері талданды және жіктелді. Қорытынды. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орын алған мәжбүрлі ауакөшу құбылысының тарихын зерттеудің жаңа әдіс-тәсілі қолданылды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 3, С. 840-853
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology