Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН: С. СЕЙФУЛЛИН ТАҒДЫРЫ

Кіріспе. ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында КСРО аумағында орын алған саяси қуғынсүргін тарихы, оның барысы мен салдары айқындалады. Архив құжаттарының негізіндеС. Сейфуллин және оның отбасының қалай қуғындалғаны, оларға тағылған айыптар зерттеледі.Бұл өз кезегінде Қазақстанда жүргізілген қуғын-сүргін саясатының ауқымын, тоталитарлықбиліктің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алғаш ретғылыми айналымға енгізілген жаңа архив құжаттарына талдау жұмыстың құндылығынарттырады. Өзектілігі. ХХ ғ. 30-50 жж. тоталитарлық биліктің қуғын-сүргін саясатыныңзардаптарын зерттеу - отандық тарих ғылымының маңызды бағыты. С. Сейфуллиннің жәнеоның отбасы мүшелерінің саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептері мен оның салдарларынархив құжаттарының негізінде қайта зерделеу ұлттық тарихи сананы жаңғырту үшін өзекті.Мақаланың мақсаты С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметін архив құжаттарыныңнегізінде талдай отырып, оның ұлт тарихындағы жасампаз тұлғасын ашу. Оған тағылғанайыптардың жалған екенін және қуғын-сүргін машинасының жұмыс істеу тетіктерін көрсету.Міндеттері. С. Сейфуллиннің мемлекеттік қызметтегі ұстанымын анықтау.»Үлкен террор»кезіндегі тергеу істерінің құжаттарын талдау. С. Сейфуллинді ақтау үдерісіндегі әйеліГ. Сейфуллинаның рөлін анықтау. Материалдар мен әдістер. Зерттеуді жүзеге асырубарысында Қазақстан Республикасы Президенті архивінде сақталған құжаттар кеңіненпайдаланылды. Соның ішінде, бұған дейін құпия грифімен сақталған архивтік-тергеу істері ойелегінен өткізілді. Деректерді жүйелеу және түсіндіру үшін тарихи-салыстырмалы әдіс,логикалық ой қорыту, проблемалық, нақтылық сияқты әдіс-тәсілдері қолданылды.Нәтижелер. С. Сейфуллиннің ұлттық мүддені қорғауға бағытталған саяси қызметі көрсетілді.Қуғын-сүргіннің билікпен жоспарлы түрде жүзеге асырылғаны, «халық жауын» ұстап, қамауғаалуға үлкен даярлықпен келетіні құжаттар арқылы дәлелденді. Тергеу материалдарының негізінде С. Сейфуллинге тағылған айыптардың толықтай қолдан жасалғаны және физикалыққысым арқылы алынғаны, заңсыз әрекеттердің қолданылғаны анықталды. Қорытынды.Қазақстандағы қуғын-сүргін процесін жеке тұлғаның, оның отбасы тағдыры негізіндезерделеу - тарихи шындықты қалпына келтіру және ұлттық тарихты ақтаңдақтардан арылтуүшін өте маңызды.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 3, С. 738-752
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology