«ТАУАРИХИ ГУЗИДЕ-И НУСРАТ НАМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ХОРЕЗМ ӘМІРІ ХУСЕЙН СУФИ
Мақала XIV ғасырда орын алған, яғни, Хорезм билеушісі Хусейн Суфи, Йусуф Суфи және Темір Бек (Әмір Темір) мен оның замандастары дәуіріндегі саяси шиеленістердің көріністерін деректанулық және мәтінтанулық тұрғыдан қарастыру бағытталады. Әрбір тарихи кезеңдерде жазылған дереккөздер өзіндік ерекшеліктерімен айқын бейнеленеді. Осы орайда ортағасырлық «Тауарихи гузиде-и нусрат наме» еңбегі Орта Азияны мекендеген көптеген түркі халықтары ортақ қолданған ортағасырлық әдеби жазба түркі тілі деп аталатын шағатай тілінде жазылған туынды қазақ тарихының дереккөзі ретінде қарастырылатын еңбектерінің бірі. Орта ғасырлардағы парсы-түркі тілінде жазылған тарихи шығармаларды анықтау мен оларды деректанулық тұрғыдан зерттеп салыстыру, бұрынғы ғылыми жетістіктердің мазмұнын байытып, қатысты мәселелерге тұжырым жасау, тақырыпты едәуір тың мәліметтермен кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Аталмыш «Тауарихи гузиде-и нусрат наме» кітабының «Темір бектің Жалалуддинді Хорезм (билеушісі) Хусейн Суфиге елші ретінде жіберуі» бөліміндегі мәліметтерге аударма жасап, мәтінтанулық зерттеу жүргізу. Нәтижелер. Мақалада мәтінтанулық, деректанулық зерттеулерді қолдану нәтижесінде Хусейн Суфи қатарлы тарихи тұлғалардың тұлғалық болмысын айқындап ашып беру мәселесі басты назарға алынды. Сондай-ақ, жазбаша дереккөзбен жұмыс барысында арабжазулы парсы, түркі шағатай нұсқаларының тарихи мәселелерін көрсетуде салыстырмалы-тарихи, тарихи-жүйелілік әдістер қолданылды. Қорытынды. Жинақтай айтқанда, аталмыш шығарманың шағатай тіліндегі үзіндісі алғаш рет қазақ тіліне аударылып, транскрипция жасалуы төл тарихымызды зерттеу үшін маңызға ие. Сонымен қатар осы жұмыс жазба мұраларды ғылыми айналымға енгізіп қана қоймай, қазақ тарихына қатысты деректік базаны байытуға өзіндік үлес қоса алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 3, С. 677-688
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology