Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚУҒЫН–СҮРГІНІНІҢ ЗАРДАПТАРЫ (1920-1950 жж.)

Кіріспе. Қазақстан тарихында 1920–1950 жылдардағы кезең әліде кеңінензерделеніп шынайы бағасын алуға тиіс жаңа ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделіоқиғаларға толы өзекті кезең. Кеңестік төңкерістен кейін дәл осы жылдары тоталитарлықжүйе жүргізген саясат миллиондаған жазықсыз тағдырларға «халық жауы», «ұлтшыл»,«контрреволюционер» т. б. айыптар тағып қудалап түрмеге қамап, жер аударып, ату, жазасынзаңсыз жүзеге асырды. Сондықтанда бұл кезең жаңа тарихи таным тұрғысынан зерттелугетиіс. екені даусыз. Кезеңді зерттеп, жаңа құнды деректерді ғылыми айналымға енгізу ұлттықтарихының ақиқатын танып, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады 1920–1950жылдардағы тоталитарлық жүйенің саясатын толық түсініп ғылыми баға беру үшіноқиғалардың даму динамикасын қоғамдық-саяси, әлеуметтік және құқықтық жағдайынтереңірек талдау қажет. Өкілетті орган қызметкерлерінің жауапкершілік сезімінің болмауыбарлық жағдайда ақтауға болмайтын үлкен саяси зиян келтірді. Осы саясат салдары қазақхалқы тіршілігінің дәстүрлі жүйесін күйретіп тарихта бұрын соңды болып көрмеген апатқаәкеп соқты. Мақалада осы процестер мұрағатық деректермен жан-жақты қарастырылған. Мақсаты мен міндеттері. Ұлттық тарихи сананы жетілдіру, жас ұрпақты тарихпен тәрбиелеумақсатында 1920–1950 жж. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің мемлекеттік деңгейдежүргізілген науқандарын іске асыру барысындағы жазалау шараларының, халқымыздыңдәстүрлі шаруашылығын түп-тамырымен күйреткен аса ауыр зардаптарға себеп болған ұлттықапатқа әкеліп соққанын, мұрағат деректерімен баға беріп ғылыми айналысқа енгізу.Нәтижелер. Төңкерістің бас кезінде социализм үшін буржуа-мүлік иелері талауға түскенболса, кейін социализм үшін күресте еңбекші халық бұқарасы талан-таражға түсті. Кеңестікбольшевиктік партия қайраткерлері билікті тартып алғаннан кейін тоталитарлық жүйеніқұрды. Жаңа жүйе адамгершіліктің жалпы адамзаттық қағидаларының халықаралық құқыққағидаларына қайшы келетін шараларды жүзеге асырды Бұл биліктің жазалаумен қуғынсүргінге негізделген саясаты қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихиқұндылықтарынан ажыратты. Заңсыздық халқымызға аса ауыр зардаптармен қасіретті алыпкелген қайғылы кезеңнің қалыптасуына алып келді. Қорытынды. Мақалада 1920–1950 жж.қазақстандағы тоталитарлық саясаттың саяси экономикалық қуғын сүргінінің салдарыныңзардаптары жаңа архивтік деректермен дәлелденді. Біздің ойымызша, біз зерттеп отырғанкезеңге қатысты жаңа деректермен мұрағаттың құжаттарға негізделген тұжырымдарменпайымдаулардың ғылыми айналысқа енуі әлем тарихшыларының назарынан тыс қалмайдыдеп санаймыз.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 3, С. 659-676
Язык
Казахский
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology