Central AsianResearch Index

1920-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАНАСЫЗ БАЛАЛАР ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС

Мақалада ХХ ғасырдың 20 жылдарында панасыз балалар арасындағықұқықбұзушылықтарға қарсы күрес, қылмыстың алдын алу бойынша арнайы мекемелердіңатқарған жұмыстары қарастырылады. Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейінгі уақытта жасбольшевиктік биліктің қайта құрулары көптеген әлеуметтік қиындықтарды тудырды.Солардың бірі – балалар арасындағы панасыздық және соның салдарынан туындаған қылмыс.Мақсаты мен міндеттері. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы панасыз балаларқұқықбұзушылықтарының қалыптасуы және онымен күрес тарихын талдау,құқықбұзушылықпен күресуде Кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау бөлімінің Құқықбұзушылыққа және панасыздыққа қарсы күрес ішкі бөлімінің қызметін зерттеу. Балаларинспекциясы, Қабылдау және тарату пункттері, Кәмелетке толмағандардың істері бойыншакомиссия, Мәжбүрлеп тәрбиелеу мекемелерінің балалар арасындағы құқықбұзушылықпенкүресін зерделеу. Материалдар мен әдістер. ХХ–ХХІ ғасырлардағы панасыз балаларарасындағы құқықбұзушылық тарихы бойынша отандық және шетелдік архив құжаттары менматериалдары зерттеудің деректік негіздерін құрады. Зерттеуде талдау, жүйелеу,ретроспективті, қорыту, сиапттау және т. б. әдістер қолданылды. Нәтижелер. Панасыз балаларарасындағы құқықбұзушылықтармен арнайы құрылған Ішкі бөлімінің бөлімшелері күресжүргізді. Бұл мекеме балалар құқықбұзушыларына қарсы, әсіресе тәрбиелеуі қиын балалардықайта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп, мұндай жеткіншектердің санын азайтуға көптегеншаралар атқарды. Қорытынды. 1920 жылдардағы панасыз балалар арасындағықұқықбұзушылық түрлері, олардың жастық ерекшеліктері, құқықбұзушылармен жұмысжүргізген бөлімшелер мен мекемелер анықталды. Балалар арасындағы қылмыстың алдыналуда, құқықбұзушыларды қайта тәрбиелеуде еңбектің маңыздылығы нақтыланды. Еңбектің балаларды тәртіпке, тұрақтылыққа, т. б. үйретіп, біліктілік меңгертіп, үлкен өміргебейімдейтіндігіне көз жеткізілді. Панасыз балалар арасындағы құқықбұзушылықпен күрестарихы әлі де болса терең зерделенуі тиіс. ХХ ғасырдың басындағы балаларқұқықбұзушылықтарының тарихын және арнайы мекеменің тәжірибесін зерттеу қазіргі жәнекелешекте балалар арасындағы қылмыстың алдын алуда маңызды

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 13, № 3, С. 642-658
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2710-3994 · 3135-8055
Издатель
Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology