КҮЙІК ХАННЫҢ ХАТЫ – ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ
Кіріспе. ХІІІ ғасыр билеушілерінің, әсіресе әйгілі чингизидтер әулеті өкілдерініңэпистолярлық мұрасы ерекше құнды болып келеді. Бұл ғылымда аз зерттелген тарихи деректүрі. Оның ішінде Шыңғыс қаған құрған империяда оның үшінші Ұлы ханы, өзінің тікелеймұрагері, Күйік ханның (1206–1248) хаттары ерекше орын алады. Бұл құжаттарды талдауШыңғыс қаған ұрпақтары дәуіріндегі саяси, әкімшілік және мәдени үдерісті түсінуде жаңамүмкіндіктерді ашады. Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Зерттеу мақсаты – Күйік ханныңхаттарын дереккөз ретінде тарихи контекстте жан-жақты талдау. Мақсатқа жету үшінмынадай мәселелер қойылды: хаттың тарихи жағдайын, мазмұнын айқындау, Күйік ханныңсаяси-әкімшілік қызметін көрсетуде оның маңызын анықтау, Шыңғыс қаған (1155–1227)империясының тарихын зерттеудегі дерек орнын бағалау. Нәтижелер. Зерттеу барысындаталдауға алынып отырған құжатта қамтылған тақырып міндеттері, ішкі және сыртқы саясатмәселелері, басқару жүйесі, еларалық қатынастар, жеке тапсырмалар анықталды. Дереккөзталдауда сол кездегі еларалық дипломатия тәжірибесі, Ұлы хан Күйіктің саяси-құқтықойының ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Қорытынды. Күйік хан хаттары Шыңғысқаған мемлекеті мен билеуші әулеті туралы маңызды тарихи құжат. Оны одан әрі зерттеуОрталық Азия тарихының ортағасыр дәуірі эпистолярлық мұрасын талдау үшін қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 13, № 3, С. 608-625
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3994 · 3135-8055
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology