ТРАНСШЕГАРАЛЫК КӨШІ-ҚОН: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚЫТАЙ МЕН МОНҒОЛИЯҒА МӘЖБҮРЛІ ҚОНЫС АУДАРҒАН ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫ ЖӘНЕ БАЛАЛЫР ТАҒДЫРЫ
Кіріспе. Мақалада ХХ ғасырдың 20–30-жылдары Қазақстан аумағынан Қытай мен Моңғолияға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ босқындары мен олардың балаларының тағдыры қарастырылады. Негізгі назар босқындардың трансшекаралық көші-қонына, барған елдердегі саяси-әлеуметтік жағдайына, сондай-ақ босқын отбасыларындағы балалар тап болған әлеуметтік қиындықтарға аударылады. Зерттеу барысында көші-қонының саяси сипатын айқындауға басымдық беріліп, тарихи-салыстырмалы талдау, этнотарихи сипаттау және этноәлеуметтік зерттеу әдістері қолданылды. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеу тарихи еңбектер мен ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, мәжбүрлі трансшекаралық көші-қонының негізгі себептері мен салдарын, сондай-ақ босқын отбасыларындағы балалардың саяси-әлеуметтік тағдырын талдау. Осы мақсатқа сәйкес көші-қонның қалыптасуына ықпал еткен саяси және әлеуметтік жағдайларды анықтау, босқындардың жаңа ортадағы тұрмыс-тіршілігі мен бейімделу ерекшеліктерін қарастыру, әсіресе балалардың әлеуметтік қиындықтарын саралау міндеттері қойылды. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің деректік және материалдық негізін ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы қазақтардың Қытай мен Моңғолияға бағытталған көшіне қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, зерттеу мақалалары және тақырыпқа қатысты өзге де тарихи материалдар құрайды. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды. Салыстырмалы талдау арқылы көш үдерісінің ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ босқындардың жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу жағдайлары сараланды. Сонымен қатар тарихилық пен объективтілік қағидаттар басшылыққа алынып, тарихи оқиғалар сол кезеңнің саяси және әлеуметтік жағдайларымен өзара байланыста қарастырылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы көштің саяси себептері мен әлеуметтік салдары отандық және шетелдік зерттеулер негізінде сараланды. Мәжбүрлі көші-қон сол кезеңдегі саяси және әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты тарихи үдеріс ретінде қарастырылып, оның босқындардың әлеуметтік жағдайына, жаңа ортаға бейімделуіне және әсіресе балалар тағдырына тигізген әсері айқындалды. Қорытынды. Зерттеу қорытындысында ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы қазақтардың Қытай мен Моңғолияға бағытталған мәжбүрлі көші-қонының саяси және әлеуметтік себептері отандық зерттеулер негізінде жүйеленіп, талданды. Әсіресе босқын отбасыларындағы балалардың әлеуметтік жағдайы мен тағдыры мәжбүрлі көші-қон тарихының маңызды, алайда отандық тарихнамада әлі де кешенді зерттеуді қажет ететін бағыттарының бірі екені айқындалды. Осы тұрғыдан зерттеу қазақтардың трансшекаралық көші-қон тарихын саяси оқиғалармен ғана шектемей, оның әлеуметтік және гуманитарлық салдарымен сабақтастыра қарастыру қажеттігін көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 30, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology