АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1931–1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ МЕН КУӘГЕРЛЕРДІҢ ЕСТЕЛІКТЕРІНДЕ
Кіріспе. Мақала Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 1931-1933 жылдардағы аштық қасіреті архив деректері мен сол заманды көзімен көрген куәгерлердің естеліктері негізінде талданады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Аштықтың алғы шарттары, себебі мен салдары архивтік және басқа да деректер негізінде талдау. Аштық сталиндік режимнің ең бір сұмдық қылмыстарының бірі 1931-33 жылдары орын алған Қазақстандағы нәубет еді. Бұл апатта яғни Қазақстан халқының бір ширегі опат болып, аумағы құрлықтық Еуропаға тең аймақты танымастай өзгертті. Зерттеудің әдіс-тәсілдері ретінде ғылыми зерттеулер жүргізуде басшылыққа алынатын: кешенділік, тарихи-салыстырмалық және жүйелеу мен өркениеттілік, жаңашылдық әдістері қолданысқа түсті. Нәтижелер. Мақалада орталық және президенттік архивтердің құпиясыздандырылған қорларының құжаттары, жеке тектік құжаттары, жиналған материалдар негізінде аштықтың барысы, салдары көрсетілді. Алматы мен Алматы облыстарының шаруашылықтарын ұжымдастыру және күштеп қоныстандыруынан және ет дайындау жоспарларын іске асыру, малды жою өңірмен республикадан тыс жерлердегі аштық пен мәжбүрлі көші – қонның негізгі себебі ретінде қарастырылады. Ұжымдастыру, аштық тарихының кейбір аспектілері белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапты. Аштық пен ұжымдастыру тарихын зерттеуде сол заманның куәгерлері мен олардың ұрпақтардың естеліктері маңызды рөл атқарады. Қорытынды. Малды жою, күштеп ұжымдастыру және қоныстану, республикадан тыс жерлерге қашу бүкіл Қазақстан халқының қасіретіне айналды. Аштыққа ұшыраған адамдардың саны артқан сайын, панасыз қалған балалардың да саны өскен.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 29, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology