ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ
Кіріспе. Мақалада 1916 жылы Жетісу облысында болған көтерілістің шығу себептері, сонымен қатар осы өлкеден майданның тыл жұмыстарына шақырылғандардың саны қарастырылады. Сондай-ақ мақалада облыс губернаторы мен Жаркент уезі басшыларының Жәмеңке Мәмбетұлы мен Ұзақ Саурықұлын Қарқара өңіріндегі көтерілісті ұйымдастырушылар деп тану туралы жарлықтары мен осы тұлғаларға қатысты қабылданған шешім туралы архив құжаттарындағы деректерге талдау жасалды. Мақалада Жаркент уезіндегі қазақтардың жазалаушы әскердің әрекетіне төтеп бере алмай, Қытайға босып кетуге мәжбүр болған халықтың тарихи тағдыры архив деректері келтірілген. Авторлар архив құжаттарындағы фактілерге сүйене отырып, өз көзқарастары мен тұжырымдарын келтіреді. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері архив және естелік деректерге сүйене отырып, көтерілістің алғы шарттарын, себеп-салдарын, қозғаушы күштері мен аймақтық ерекшеліктерін талдау болып табылады. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің әдіс-тәсілдері ретінде ғылыми зерттеулер жүргізуде басшылыққа алынатын: кешенділік, тарихи-салыстырмалық және жүйелеу мен өркениеттілік, жаңашылдық әдістері қолданылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижесінде архив деректері негізінде Жетісу облысындағы 1916 жылғы көтерілістің себептері мен аймақтық ерекшеліктері, Қарқара өңіріндегі көтерілісті ұйымдастырудағы Жәмеңке Мәмбетұлы мен Ұзақ Саурықұлының рөлі, сондай-ақ жазалаушы әскер әрекеттерінің салдарынан Жаркент уезі қазақтарының Қытайға босып кету жағдайлары сараланды. Қорытынды. Зерттеу 1916 жылғы Жетісу көтерілісінің барысы мен салдарын архив және естелік деректер негізінде кешенді қарастыруға мүмкіндік береді. Көтеріліс пен оны басып-жаншу әрекеттері өңір халқының тағдырына ауыр зардап әкеліп, қазақтардың бір бөлігінің Қытайға босып кетуіне себеп болғаны айқындалды.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 30, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology