ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР МЕН ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Кіріспе. Мақалада қазақтың біртуар ұлы, саяхатшы, этнограф, Ш.Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі XIX ғасырдағы қазақтар мен ортазиялық елдердің қарым-қатынастарын зерттеу. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мақаланың мақсаты қазақтар мен ортазиялық елдердің қарым-қатынастары туралы жазылған Шоқан Уәлиханов еңбектеріне тарихнамалық және дискурсивтік тұрғыдан жүйелі шолу жасау болып табылады. Мақаланың міндеті – зерттеуші еңбегіндегі ортазиялық елдерге қатысты мәліметтерді саралау. Материалдар мен әдістер. Мақаланың материалдық негізін Ш.Ш.Уәлихановтың Орта Азия елдеріне байланысты еңбектері құрады. Зерттеушінің еңбектерін талдауда сыни іріктеу, талдау, салыстыру сияқты әдістер қолданылды. Нәтижелері. Зерттеу барысында Ш.Ш.Уәлихановтың қазақтар мен ортазиялық елдер арасындағы сауда, мәдени, саяси байланыстарын қарастырғаны көрінеді. Сауда жасаудағы негізгі тауар түрлері туралы қызықты деректер алуға болады. Оңтүстік өңір қазақтарының ортаазиялық елдермен қарым-қатынастарындағы ұстанымдарына байланысты топтарға бөлгенін байқаймыз. Жалпы ортаазиялық елдер туралы, олардың өзара қарым-қатынастары туралы көптеген өзі көрген немесе сенімді дереккөздерден алынған құнды мәліметтерді еңбектерінде жазып қалдырған. Қорытынды. Ш.Ш.Уәлиханов еңбектері XIX ғасырдағы қазақтар, ортазиялық елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік беретін деректік және тарихнамалық құндылығы жоғары тарихи мұра екендігіне көз жеткізуге болады.
Сведения
- Журнал
- Otan tarikhy
- Опубликовано
- 2026 · Т. 30, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2788-9718
- Издатель
- Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology